Жазушылар одағында  жанрлық кеңестердің жұмысы күшейтіледі
19.06.2023
126
0

Жазушылар одағының Төрағасы Мереке Құлкенов ұйғыр әдебиеті кеңесінің  мүшелерімен кездесу өткізіп, әдебиетті  дамыту мен қолдаудың өзекті мәселелерін  талқылады.

Ұйғыр жазушылары атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі нығайту негізіндегі ойларын ортаға салды. Басқосуға Одақ Төрағасынан бөлек, Жазушылар одағы Төрағасының орынбасарлары Қасымхан Бегманов, Ғалым Қалибек және ұйғыр әдебиетінің белді өкілдері қатысты.
Жиында Қазақстанның қазіргі кезеңдегі дамуы, мемлекеттіліктің қалыптасу тарихы, көпұлтты халықтың достығы мен қоғам бірлігі мәселелері, түрлі этностар мен ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуда шығармашылық зиялы қауымға, оның ішінде жазушылар мен ақындарға ерекше міндет жүктелетіні сөз болды…
«Біздің ортақ жұмысымызда кітап оқу мәдениетін дамытуға, қазақ әдебиетінің тарихы мен басқа тілдердегі, оның ішінде ұйғыр тіліндегі шығармаларды зерттеуге көңіл бөлу – маңызды. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мәселесінде де бізге айрықша рөл жүктеліп отыр», – деген Мереке Құлкенов дарынды қаламгерлерді қолдау қажеттігін айтып, ұйғыр тілінде «Жұлдыз», «Простор» сияқты әдеби журнал шығаруды ұсынды. Келер  жылы атап өтілетін Қазақстанның Халық жазушысы Зия Сәмедидің 110 жылдығын салтанатты түрде атап өту керектігін де тілге тиек етті. 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір