БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ ЖАҢА ТУЫНДЫЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
05.06.2023
227
0

1 маусым балалар күніне орай Қазақстан Жазушылар одағы мен Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы ұйымдастырған «JAS QALAM» байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Әдебиет қоржынын балалар әдебиетінің үздік туындыларымен толтыруды мақсат еткен байқауда поэзия номинациясы бойынша I орынды Олжас Қасым, II орынды Алпысбай Әбділұлы, III орынды Айбол Абашов пен Аршын Нұрбақыт иеленді. Ал проза номинациясы бойынша Досхан Жылқыбай I орынды, Эльмира Назирова II орынды, Салтанат Бодықова мен Құралай Жылтықаева III орынды қанжығасына байласа, драматургия номинациясы бойынша Аридаш Оспанбаева II орын, Айгөлек Өмірбек III орын иегері атанып, жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табыс етілді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір