«Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем»
27.03.2023
186
0

Наурыз мерекесінің қарсаңында №29 кітапханада «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем» атты мерекелік іс-шара өтті.

Шымылдығын кітапхана меңгерушісі Жанар Жайыққызы ашып берген мерекелік кештің көркін ары қарай Алматы қаласы Мемлекеттік Қуыршақ театрының әртістері келтірсе, «Сүйінбай сазы» ансамблінің әншілері әуезді әнімен қонақтар мен көрермендердің құлақ құрышын қандырды. «Дала сазы» домбыра үйірмесінің шәкірттері күй шертіп, №145, №40 мектеп-гимназиясының оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, жиналған қауымды ерекше күйге бөледі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, шәкәрімтанушы – Дәулет Сейсенұлы, кітапхананың тұрақты оқырмандары, зейнеткерлер – Аманов Елеу ата мен Қожабекова Айдай апа, «Дала сазы» домбыра үйірмесінің жетекшісі – Алмаш Жарылқапова Наурыз мейрамының ұлттық ерекшелігі мен құндылығына тоқталып, пікірлерімен бөлісті.
Жиын соңында өнерпаз, белсенді оқушыларға Алғыс хат табыс етілді. Сонымен қатар көпшілікке мерекенің басты нышаны — наурыз көже ұсынылып, дәм үлестірілді.

Медина БАҚЫТ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір