«Қара орамал» – ақындық шеберлік
29.01.2016
3025
1

33986317Көрнекті ақын Ғ.Жайлыбайдың туған жері Қарағанды облысының аумағында ХХ ғасырда бейкүнә жандарды азапқа салған, бүгінгі күні музей-мұражайға айналған Долинка елді мекені бар екен. Қаламынан талай көркем жыр төгілген ақын осы қырғынды жастардың құлағына тағы бір құю үшін, ересектердің жүрегінде тағы бір аласапыран тудырып, өткен күндердің қасіретіне лағнет жаудыру үшін жазған тәрізді.

Шынында да, біз тарих пен әдебиетті оқып, мектеп бағдарламасын мең­гер­ген­мен, ХХ ғасырдың ел басына төн­дір­ген зұлматын ашық жазған шығармалар оқу­лыққа көп ене қоймаған. Сондықтан Ға­лым ағаның поэмасы мені бірден-ақ қы­з­ықтыра бастады. Оның үстіне ақын: «Ұр­пақ мынау өткеннен не біледі, Сүйе­гім­ді сол сауал кеміреді», – деп қиналады. Ары қарай біртіндеп құпияның бетін аша береді.
Жалпы, қара орамал – қазақ хал­қы­ның көнеден келе жатқан символикалық мән­ге ие атауы. Ол – ежелден өлімнің, қай­­ғының, қасіреттің белгісі. «Қара жа­мыл­ды» деген тіркес те осы мәнді біл­ді­ре­ді. Ертеректе адамы өліп, қайғыға түс­­кен үйдің, ауылдың сыртына қара жа­лау қадаған, қара орамал байлаған.
Дастан «Қарағанды лагері», «Қарлаг қақпасы», «Ахметжан Сарман­тай­ұлы­ның «58-статья» күйі», «Қызжылаған», «Ири­­на Борхманның «Үзілген сапар» кар­­тинасы», «Мамочкино моласы», «Гар­­моншы. 1973 жыл», «Тас пен ас», «Қар­лагтың қара кітабы», «Қоңыртөбе», «Үш қағыс» атты тарауша жырлардан тұ­рады. Әрқайсысы жеке-жеке оқи­ға­лардан құралып, бір-бірін толықтырып, тұ­тас трагедиялық қиямет-қайымға ай­налған.
Мен поэманы түгел талдағалы отыр­ған жоқпын. Әзірше тек екі жырын ғана сөз етпекпін. Бірақ бір айтарым, поэма – реквиемде шумақтар қатып қалған дәс­түрлі 4 жолдан емес, 5, 6, 7, 8 тармақты боп келеді және бастан-аяқ әр шумақта ме­тафора, көркемдік ауыстырулар бар. Бұл ақынның кемелденгенін көрсетеді.
«Қызжылаған» тараушасын алуым­ның себебі, бұндағы оқиғаның мұғалім апай берген тапсырмаға тікелей қатыс­ты­лығы болды.
Ізетпен жасамай ізгі қадам,
Қарындасын қорлайды
Құзғын, арам.
«Жалаңашкөл» жағасы – «Алжир» лагерь –
Қазақша аты ол жердің – Қызжылаған.
Қарағандыдағы «Алжир» лагері – «Ак­молинский лагерь жен. изменников ро­дины» деген атау ғой, яғни онда түк жа­зығы жоқ алаш азаматтарының аяулы жар­лары азап шекті. Сол лагерьдің атын Ға­лым Жайлыбай аға «Қызжылаған» деп алады. Онда тек әйелдер бар, олар­дың көкірегі қайғыдан қарс айырылып зар жылайды.
Ғазауытқа кезігіп ғасыл қайық,
Қырдан асып кеткелі ғасыр ғайып.
Аза бойды қаза ғып Ана біткен –
Аңырайды АЛЖИР-де шашын жайып.
Иә, ол жерде Сәкен атаның – Гүл­баһ­ра­мы, Бейімбет атаның – Күлжамалы, т.б. қайран апалар қорланып, азап көр­ген, зарығып-талығып қапастың азабын тартқан. Тіпті, әйгілі балет бишісі Мая Плицескаяның анасы Рахиль Плицеская да отырыпты. Оны ақын былай береді:
Адамзаттың аймаңдай ары осында,
Рахиль Плицеская…
Нанасың ба?
Бейімбеттің қой бақса Күлжамалы –
Рысқұлов Тұрардың жары осында.

Айдыны жоқ аққудай расында,
Жазбай жатып үзілген жыр осында.
Сұлулық пен нәзіктік атаулының
Тілім-тілім еріні…
Жүр осында.
Аққудай аппақ аналардың оша­ғын­да­­ғы бақыт жыры үзіліп, айдынынан айы­­­рылып, сұлулығы адыра қалып, бұ­ғау­­­да жүргенін ұтымды береді. Аналар «Орап алып сүт аққан омырауын» Жа­лаңаш­­көл жанында жылап қала берді. Ба­уыр еті балаларын жұлып алып кет­ті.
Ақын жазады:
Қазақшасы бұл жердің – Қызжылаған,
Қыз жыласа…
Дүние еңірейді.
Еңіреп жылау да аз екен, көресінің үл­­кені «Мамочкино моласы» жырынан кө­рініс береді. Ақын осы жырға түсі­нік­те­ме ретінде мынадай деректі келтіреді: «Бұл молада «Қарлаг» тұтқындары – әйел­­­дер мен балалардың мүрделері жер­лен­­ген. Зират Қарағанды облысы, Абай ау­даны, Жартас кентінің маңында. «Қар­­лагта» ересектермен бірге «Халық жау­ларының» балалары да мерзімдерін өте­ді. Жаңа туған балаларды аналарынан тартып алып, Балалар комби­нат­тары­на тапсырады. Оның да вахтасы, қақпасы бар. Барактары және тікенек сымдары кә­­дімгі зонадан еш айыр­ма­шылығы жоқ. «Қарлагта» осындай 7 мекеме бол­ған.
Мұрағат деректері бойынша, мұндай үйлерде балалар өлімі өте жоғары еді. Мә­селен, 1941-1944 жылдары 924 бала, ал 1950-52 жылдары 1130 сәби опат бол­ған…
…Кімге ол күннің обалы?
Балалығын ұрлады,
Қызықтарын тонады.
Ессіз ғасыр адамзаттың алдында –
жауап берген жоқ әлі.
Жиырмасыншы ғасыр халықтың ба­­­сына сынақтар берген. Жаратушының бұй­рығымен емес, пенденің қолымен жа­салған зұлымдықтың кесірінен бол­ған қырғыннан жан түршігеді.
Көкті кезіп кеткен кезде жыр құсым,
Мен олардың танып алғам түр-түсін.
«Мамочкино моласынан» естимін –
Сақ-сақ еткен сәбилердің күлкісін.
Ақын жаны нәзік, оның түйсігі се­зім­­тал, түсінігі терең, ойы ұшқыр. Ол сон­­­дықтан да жазықсыз қырылған сә­би­лердің елесін көріп, олардың қор­қы­ныш­ты күлкісін ести алады.
Олардың әні де басқаша, жер бетінде қуа­нышты тірлік кешіп, ақ мамасы мен ақ папасының сүйіспеншілігіне бөлен­ген бақытты күлкіге мүлде ұқсамайды.
Дыбыстарын жұртқа естіртпей бы­лайғы,
Қарғамай-ақ қоғамды да,
Құдайды.
Жартастағы «Мамочкино моласы» –
Сақ-сақ етіп күледі де
Жылайды…
Шынымен де, ол сәбилер өздерінің жа­­зықсыздығын да, бақытсыздығын да түсінбестен жер қойнына кете берді. Олар қарғауды үйренбеген, қарғысты біл­мейді, өйткені олар періштелер еді. Олар­дың даусын өзгелер естімейді. Оны жо­ғары әлемнен нұрлы өнер қонған ақын ғана естиді. Оның жырын оқу ар­қы­лы біз сияқты жас ұрпақ естиді. Бо­ла­шақта ондай сұмдықтың қай­та­ланбауын тілейді. Сол үшін күреседі, ба­қытты өмірдің кілтін ашады.
Ал ақын жүрегі қан жылайды, қарс айырылады, себебі оның құлағы өзгелер естімес құпияны естиді. Сол сұмдық зұ­лымдықтан дірілдеген жүректен туған өлең жолдарынан қан тамшылағандай болады.
Қол бұлғаңдар!
Сол сапарға ермеймін,
Саны келіп,
Саны кеткен мендейдің.
Сай-сүйегім сырқырайды жоласам –
Енді қайтіп бұл маңайға келмеймін…
…Жартастағы «Мамочкино моласы».

Назым Жолдасова,
Атырау қаласы,
Исатай Тайманов атындағы
орта мектептің 11-сынып оқушысы.

ПІКІРЛЕР1
Амина 18.07.2018 | 10:52

Бул Галым Жайылбайдын шыгармасыма?

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір