Ұстаздық шеберлік пен жаңашылдықтың үлгісі

Алматы облысы Талғар ауданының киелі Жаңалық ауылындағы І.Жансүгіров атындағы №37 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі, білікті педагог, жаңашыл ұстаз – Айнур Тынышбекқызы Джабаева Алматы облысының үздік информатика пәні мұғалімі болып танылды. Ұлағатты ұстаз өзінің еңбек жолында қажымас қайрат пен терең ізденімпаздық танытып, білім саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Айнұр Тынышбекқызы өз кәсібінде шәкірттеріне білім мен дағдыны беруді ғана емес, олардың тәрбиесіне, адамгершілік құндылықтары мен жауапкершілігін қалыптастыруға баса назар аударады, бұл оның тек сабақ беруге ғана емес, сонымен қатар қоғамның толыққанды өкілдерін тәрбиелеуге деген ұмтылысын көрсетеді.
Айнур Тынышбекқызының жұмысы көптеген ресми марапаттармен бағаланған. Оның ішінде:
— ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты.
— Талғар ауданының прокуратурасының Алғыс хаты, мұнда оның өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі педагогтар үшін үлгі болып табылатын еңбегі ерекше атап өтілген.
— Алматы облысының білім басқармасының Тәуелсіздік күніне орай болашақ ұрпақты білім беру мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін берілген дипломы.
— «Нұр Отан» партиясы Талғар аудандық филиалының Алғыс хаты.
— «Үздік педагог – организатор» аудандық байқауында бас жүлде.
— Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы дарынды балалар ІІІ фестивалінің Алғыс хаты.
— «Emotion Dance KZ» ІІ Республикалық дарынды балалар жобасының Алғыс хаты.
— «Жаңашыл мұғалім – 2021-2022» республикалық байқауында «Білім беруді цифрландыру аясындағы заманауи педагогикалық технологиялар» аталымы бойынша жеңімпаз дипломы және 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық.

Бұл марапаттар Айнур Тынышбекқызының білім беру саласындағы үздіксіз еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз. Ол өз ісіне шынайы берілген, өз оқушыларының болашағы үшін әрдайым жаңа әдістер мен тәсілдерді қолданып, жаңа бастамаларды жүзеге асырып келеді.
Айнур Тынышбекқызының ұстаздық қызметі тек кәсіби маман ретінде ғана емес, сондай-ақ қоғамдық қызметпен де тығыз байланысты. Ол түрлі шараларға белсене қатысып, оқушыларды қоғамдық маңызды мәселелерге тартуға тырысады. Мұндай шығармашылық жұмыстар оның оқушыларымен арасындағы ерекше байланысын қалыптастырып келеді.

Айнур Тынышбекқызы Джабаева – өзіндік стилі мен терең білімге ие, оқушыларына тек білім емес, тәрбие де беретін үздік педагог. Оның еңбегі жоғары бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды. Ол заманауи білім беру жүйесінде өзіндік орны бар мұғалім ретінде танылып, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлгі боларлықтай жұмыс атқаруда. Айнур Тынышбекқызының ең басты жетістігі – оқушыларымен бірге жаңа биіктерге жету, ұлт жанашырларын тәрбиелеу.
Айнур Тынышбекқызының еңбекқорлығы, жаңашылдыққа ұмтылуы және шәкірттеріне деген шынайы ықыласы мен сүйіспеншілігі, бәрі де шәкірттері мен әріптестеріне үлкен үлгі болды. Ізденіс пен жаңашылдық, еңбекқорлық, шәкірттерге деген сүйіспеншілік, қоғамдық белсенділік ,үдіксіз даму – әр мұғалім осы қасиеттерді күнделікті өміріне енгізу арқылы жетістіктерге жетіп, қоғамға үлгі боларлықтай тұлға бола алатыны сөзсіз.
Бұл мақала — Алматы облысының үздік мұғалімі атағын жеңіп алған әріптесіміздің ұстаздық жолындағы еңбегі мен жетістіктерін дәріптеу, үлгі алу және оған қосқан үлесін ерекше бағалау үшін жазылды.
Наргиза ЖАНБАЕВА,
І.Жансүгіров атындағы №37 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі

ПІКІРЛЕР11