«Қазыналы Оңтүстік»
29.01.2016
2573
0

13295-6-prezentovan_mnogotomni_ru«Қазыналы Оңтүстік» деген сериямен көптомдық шығармалар жарық көріп жатқанынан көзіқарақты оқырман хабардар. Мемлекет қамқорлығымен арнайы мәдени мұраға бөлінген жоспарлы қаржыны тиімді пайдалануға облыстың бұрынғы әкімі, қазіргі «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов мұрындық болып, игі істің мол бөлігін ұшпаққа шығарды.

Көптеген ұмыт болған халық арасын­дағы қаламгерлердің кітаптары шыға бастады. Тіпті қазыналы Оңтүстіктің қойнауынан табылған құтты шығар­ма­лар 300-ге жақын томды құрады. Мұнша қазынаны игеруге арнайы шығарма­шы­лық ұжым құрылып, қарқынды жұмыс істеуде. Ғылыми кеңесшісі: филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Мекемтас Мырзах­мет­ұлы, томдарды баспаға дайындаушы­лар: филология ғылымдарының кан­­ди­даты, доцент Саттар Өмірзақов, ҚР Журналистер одағының мүшесі Алмас Ақылбек. Оңтүстік өңірінде көміліп қалған, Кеңестік саясаттың салқыны тиіп жарық көрмеген ақындар мол екені іске кіріскенде мәлім болды. Көп көтер­ген жүк жеңіл, басқа жақты қоя тұрып Мырзашөл өлкесіне қатысты жазбагер­лері­міз жайлы баяндайық. 244-ші томға Қайыпназар Әйтпенов шығармалары енді.Бұл томдыққа Қайыпназар Әйт­пе­нов­тің мысқыл-мысалдары, аңыздар мен хикаяттары, дастандары енгізілді. 245-ші томға Қайыпназар Әйтпеновтің өлеңдері мен толғаулары, арнаулары, ақын туралы арнаулар, естеліктер мен мақалалар топтастырылды. 246-шы томды «Нұрманбет туралы дастан», «Ма­нап пен Жанап», «Мекер әйел», «Жапал батыр», «Ақмарал» секілді дастандары толықтырды. Араб әрпімен жазылған мәтінді жеткізгендер: ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Мылтықбай Ерімбетов және ақынның немересі Гүл­нар Ұзақбайқызы Әйтпен­ова. Бұл томдар ықшамдалып жариялан­ғандық­тан ақынның әлі де сыймай қалып, жарық көрген шығармалары бар. Көп таралыммен жарық көрген томдар облыс кітапха­на­ларына таратылды. Сатылымға түскен жоқ. Тағы да бір ірі жаңалық – Молда Мұса Жұма­назар­ұлының шығармалары­ның 241, 242-ші томдарда жарық көруі болып отыр.
Ақындардың арабша қолжазбала­ры­ның Асыл мәтінінің фото көшірмесінің кітаптарда қоса берілуі томдықтарды ерек­шелендіріп тұр. Мұның өзі ғылыми ізденіске жол ашамын деген ниеті бар адамға оңтайлы көмек болмақ. Шығар­ма­лардағы діни сөздердің түсіндірме сөздігін өте сауатты жасаған филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сат­тар Өмірзақовтың тау қопарғандай еңбе­гіне тәнті болып, рахмет айтпасқа әд­ді­­міз жоқ. Сөз ығытында айта кету керек, ежелден мәлім Майлықожа, Құ­лын­шақ Кемелұлы, Орынбай Тайманов, Айтбай Белгібаев, т.б. көптеген шайыр­лардың көптомдықтарының толық болып шығуы оқырманның көз қуаны­шына айналып тұр. Әрине, біткен іске сыншы көп қой. Оны уақыт көрсетеді…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір