Боздаған боз даланың жалғыз үні
02.02.2023
388
0

Ата басылым «Қазақ» газетінің жарыққа шыққанына – 110 жыл

2 ақпан – күллі қазақтың тұңғыш басылымы «Қазақ» газетінің жарыққа шыққан күні. Осыдан тура 110 жыл бұрын Алаштың ардагерлері, ұлт мұңын мұңдап, ұрпақтар алдындағы парызын артығымен орындаған бірегей тұлғалар, ой мен істің көсемдері – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтар исі қазақ жұртына сауын айтып, «Қараңғы қазақ көгіне» Күн болуды мақсат тұтқан зиялылардың басын қосқан, рухани орда болған, саяси-әлеуметтік мәселелерді, қазақтың қақысы мен құқын қозғап, қорғаған басылым жарық көрген еді. Бұл күн – ұлтымыздың рухани түлеуінің басталған күні. Бұл дата – мемлекетіміз үшін ең ардақты күннің бірі болмақ-дүр. Өйткені, егер «Қазақ» болмаса, ХХ ғасырдағы зор нәубеттерден аман өтер-өтпесіміз неғайбыл еді. Өзін сүйген, өзін таныған, өзін сыйлаған халық қана өзгелермен терезесі тең ғұмыр кешеді. Өзгенің де қақы мен құқына құрметпен қарайды. «Қазақ» қазаққа соны үйретті. Жол нұсқады. Адастырмайтын темірқазық – әлемдік өркениет көшіндегі ұлттық ұстын, тарихи сана, ғылым мен білім екенін көрсетті. Сол үшін де бүгінгі егеменді елдің иелері, апайтөс далада тәуелсіздік туын берік қадаған жұрт, ең әуелі, аймаңдай арыстарымызға, солар салған ойлы жолға, ізгі арман-мұратқа, «Қазаққа» қарыздар!.. Жер бетінде қазақ барда, «Қазақтың» жолынан адаспауға тиіс. Еліміз үшін «Қазақтың» мәртебесі әрқашан биік!

«Қазақтың» шығу тарихына көз жүгіртсек, ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының басынан өткен түрлі оқиғаларды еске түсіреміз. Бұл кезеңде алаш елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік һәм мәдени өмірінде бірқатар өзгеріс болды: қазақ халқының көшпелі өмір сүру дағдысы отырықшылыққа ауыса бастады, қоныстандыру саясаты жүргізілді, билік жүйесінің тәртібі ресейлік жүйеге бағынды, қазақтың зиялылары қалыптасты. Дәл осы қиын-қыстау сәтте елді біріктіру, ұлттық санасын оятуға қызмет ететін халықтық басылымды шығарудың қажеттілігі туды. Бұл ретте Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы сынды ұлт зиялылары ұйысып, «Қазақтың» ұлттық күрес басылымы болып қалыптасуына еңбек етті. 

Елдос ТОҚТАРБАЙ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір