«ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІ»
31.01.2023
423
0

Өткен аптада Алматыға жұмыс сапарымен келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Қазақ газеттері» ұжымымен кездесті. Жақында ғана қайта жасақталған ұжым құрамына «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази», «Үркер», «Ақжелкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдары кіреді.

Кездесу барысында екі ұжымның бірігуіне орай Думан Анаш «Қазақ газеттері» бас директордың орынбасары – Алматы филиалының басшысы, Ерлан Жүніс «Ана тілі» газетінің бас редакторы және Асыл Сағымбеков «Мысль» журналының бас редакторы болып тағайындалғаны айтылды. Жас дарындарды маңайына топтастырып, оларды үнемі қолдап жүретін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің жаңа тағайындаулары көпшіліктің көңілінен шықты.
Сондай-ақ министр өз өтініштері бойынша қызметтен босаған белгілі қаламгерлер Шамшидин Паттеев пен Қали Сәрсенбайға жемісті еңбектері үшін алғыс айтып, арнайы салалық медальдармен марапаттап, жаңа басшылық алдына тиісті міндеттер қойды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір