Абай Қалшабектің «Тәубе» кітабы жарық көрді
08.09.2022
566
0

NIS Педагогикалық шеберлік орталығының маманы Абай Қалшабектің Лев Толстойға арналған «Тәубе» («Исповедь») кітабы  жарыққа шықты.

«Тәубе» – бұл ұлы орыс жазушысының өмірі мен шығармашылығы туралы очерктер, соңғы еңбектері мен әр жылдардағы хаттардың аудармалары біріктірілген жинақ.

Абай Қалшабек Зияткерлік мектептер жүйесінде 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Педагогикалық шеберлік орталығының сұранысқа ие жаттықтырушысы ретінде ғана емес, еуропалық және орыс классиктерінің шығармашылығына қызығатын талантты жазушы, ақын, аудармашы, шығармашылық конкурстардың лауреаты ретінде де танымал.

2022 жылы Абайдың «Томаға» және «Тәубе» атты бірден екі кітабы жарық көрді.

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір