Жаңа технологиялар – қауіпсіздік кілті
06.09.2022
341
0

Қазір ақпараттық техно­логиялар ойлап табумен шұғылданатындар күш-жігерін жасанды интеллект негізіндегі цифрлық шешімдерді дамытуға жұмсап жатыр. Басты мақсат – адам қауіпсіздігін кеңінен қамтамасыз етуге жәрдем беретін тың техникалық өнім әзірлеу. Ой-өрісі ақпараттық бағдарлама­ларға негізделген цифрлық дүние-жабдықтарды енгізуге мүмкіндік беретін халықаралық стандарттар осы күндері әзірленді. Енді инновациялық өндіріс кезеңіне қадам басқалы тұр. Солардың бірі, отандық «Med365» компаниясы.

ІІМ-нің ресми мәліметі бойынша күн сайын жол апатынан 10 адам қаза боп, 70-ке жуық азамат түрлі дене жарақатын алады екен. Жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам жарақаттанса, 700-ден аса адам көз жұмған. Қауіп-қатер қоғамдық көлік пайдаланушыларын да айналып өтпепті. Өкінішке қарай, жапа шеккендердің басым көпшілігі балалар мен 40 жасқа дейінгілер. Апаттардың негізгі себептері – жүргізушілердің шамадан тыс жұмыс істеуі, көлікті мас күйінде басқару және көлік құралдарының ақауы. Мұның бәрі қоғамдық көлік жүргізушілері міндетті түрде медициналық куәландырудан өтетініне қарамастан тіркеліп отыр. Таңертең кез келген автобус паркінің медициналық бекетінде медбикенің жүргізушілерді тексеріп, жұмысқа рұқсат беруін күтетін көптеген ұжымды көре аласыз. Қысқа мерзімдер, дәрігерлердің жетіспеушілігі, үстірт тексерудің салдарынан жүргізушілер жоғары қан қысымымен, жедел респираторлық вирустық инфекция белгілерімен, тіпті шала мас күйінде жолға шығады. Ал бұл дегеніңіз – адам өмірімен ойнаумен тең.

Медицинадағы үлкен өзгерістер

Жаңа технологиялардың дамуы медицинаға да үлкен серпіліс әкелді. Егер бертінге дейін дене қызуын сынап термометрлермен қолтыққа қысып өлшесек, бүгінгі құрылғылар оны бірнеше секундта лезде анықтайды. Жүрек соғысын, қан қысымын, тыныс алу жиілігі, қандағы оттегі мөлшері сияқты көрсеткіштерді үнемі бақылайтын сымсыз білезіктердің пайда болуы да бұқараға денсаулыққа зор құрметпен қарау маңыздылығын ұғындырғандай.
Дамыған елдерде – өндірістерде, әуежайларда және жолдарда қауіпсіздік үшін жасанды интеллект жауап береді. АҚШ пен Еуропада «әлемдік деңгейдегі медицина» термині тек айрықша жарнамалық белгі ғана емес, сонымен қатар құжаттарда бекітілген әлеуметтік ұғым. Медициналық тексеруде қолданылатын құралдар – дәрігерлерге түсіретін психологиялық салмақты азайтып қана қоймайды, адами факторларға жол бермейді. Мұндай техника – медициналық тексеру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Деректердің дәлдігін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде өндіріс нысандары мен көлік жолдарындағы апаттардың алдын алып, өлім көрсеткіштерін азайтуға сеп болады.
Өкінішке қарай, біздің елімізде көптеген компаниялар әлі де ескі әдістерден арылғысы жоқ. Технологиялық жаңалықтың маңыздылығын түсінетіндер саны әлі де аз. Еңбек адамы капитал иелерінің тұтқыны іспетті.

Бүгінгі ахуал

Өзіміздің, отандық автомат­тандырылған цифрлық технологияларды енгізуге деген үлкен ынта – бізді бірігуге және дайын әрі бәсекеге қабілет­ті өнімді ұсынуға мүмкіндік берді. Тәжірибе көрсеткендей, әрқашан құнды идеялар шынымен жүзеге асырыла бермейді. Бұл қаржыландырудың жетіспеу­шілігінен туындайды. Көбінесе жобаға қолдау мен сенім болмаса, кәсіпкерлер тәуекелден қорқып, істі аяғына дейін жеткізбейді. Осылайша, керемет өнімдер назардан тыс қалады. Бүгінгі таңда тиімділікке қол жеткізу үшін, пікірлес адамдардың тобы және өнімді дамытуға талпынатын, идеяны шындыққа айналдыратын идеялық команда қажет деп айтуға болады.
«Адам мүддесіне назар аудару – біздің қызметіміздің негізгі идеологиясы. Біз өз ісіне адал, мүдделес мамандар тобын құра алдық деп сенеміз. Ұзақ жұмыстың нәтижесінде «Med365» қондырғысы пайда болды», – дейді компания директоры Шыңғыс Құлахметов
Естеріңізге сала кетейік, отандық өндіруші «Med365» ЖШС «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпазы атанды.
Медициналық тексерулерді цифрландыру арқылы біз қызметкерлер арасында жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша тәуекел топтарын бөліп, денсаулықты қорғаудың тиімді бағдарламаларын әзірлей аламыз, бұл өз кезегінде жұмыс берушінің қызметкердің ауруына байланысты түрлі төлемдерге жұмсайтын шығындарын азайтуға ықпал етеді.
Мәселен, осы жабдықпен тексеру арқылы ауысым алдында жүргізушіні шеттету – бұл жазатайым оқиғалардың алдын алу деген сөз. Өндірісте осы жабдықты пайдаланған бір жыл ішінде алкоголь мен есірткі тұтынған 5000-нан астам жағдай тіркеліп, сондай-ақ жұмыс орнында денсаулығының кенеттен нашарлау қауіптері анықталған.
Бірінші кезекте қондырғыны пайдалану жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Экономикалық әсері де айқын.Компаниялар «Med365» қондырғысын қолдану арқылы ақша үнемдейді. Бірақ қондырғыны пайдаланудың басты артықшылығы –автоматтандырылған объективті медициналық тексеру өндірістегі өлім жағдайларын азайтуға мүмкіндік береді, ал мұны ешқандай ақшамен өлшеуге болмайды.
«Med365» компаниясы – елдегі МТАЖ аппараттарын әзірлеуші және жалғыз отандық өндіруші. Қондырғыны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ұлттық орталығы мұқият тексерді.
Қызмет басталғаннан бері еліміздің ірі өндірістік объектілерінде жүздеген аппараттар орнатылып, сынақтан өткізілді. Тағы да ондаған бизнес субъек­тілерімен МТАЖ енгізу туралы келіссөздер жүргізілуде.
«Med365» МТАЖ жобасы – бұл медициналық қызмет көрсету саласында инновациялық технологияларды енгізудің жарқын үлгісі.

Мөлдір Райымбекова

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір