ЖАҢА ШЫҒАРМАНЫҢ ЖАРЫҒЫ
21.06.2024
845
0

Белгілі жазушы-журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жастар одағы және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты Қайым-Мұнар Табеевтің «Қарағайдың қарсы бұтағы» атты кітабын оқырмандар өте жылы қарсы алды.
Бұл кітапта Желтоқсан батыры, Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің талайлы тағдыры, алаңдағы ұлт намысын қорғаудағы ерлік істері, қырғыздық ағайын Талаайбек Ылайтегінмен достық қарым-қатынасы, балауса жырлары мен сәтсіз махаббаты, КГБ құрығына іліккеннен кейінгі сәттері көркем тілмен баяндалады.
Автордың бұған дейін де «Мұзда жанған алау», «Қазақтың желтоқсаны», «Алматы. 1986 жыл» атты бірнеше шығармасы жарық көрген болатын. Жалпы, жаралы Желтоқсан – тарихи тұрғыдан таразылап, ғылыми тұрғыдан сараптап, саяси тұрғыдан бағалауды қажет ететін аса күрделі тақырып. Маңызы жағынан өте ауқымды, тамыры тым тереңге кететін ұлт-азаттық қозғалысының соңғы нүктесін қойған көтерілісті жан-жақты зерттеп, зерделеп жүрген жазушының бұл кітабы «Атамұра» баспасының президенті Рақымғали Құл-Мұхамедтің қолдауымен жарық көрді.
Жуырда Алматыда Ұлттық кітапханадағы бір кездесуде белгілі жазушы, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев осы кітапты қызыға оқығанын айта келіп, оны бүкіл түркі халықтарының тіліне аудару туралы ойын білдірді. Иә, бертінгі заманда да өз ұлтының намысын қорғаған қазақтың батыр перзенттері болғанын өзге жұрттың да біле жүргені артық болмайды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір