Екі бұзық «Қазақ» газетасын жапты…
05.08.2022
330
0

Ресей патшалығының отарлау саясаты қазаққа ауыр тиді. Сол заманда қазақ даласында ашылған мектептердің бәрі Алаш баласын орыстандыруға, шоқындыруға міндетті болатын. Самодержаваның империалистік пиғылы қазақ қоғамының санасын улады.

 

Санасы уланғанның бірі — Әліби Жангелдин. Өз ұлтынан, тегінен безіп, өмірінің соңына дейін ол шоқынып өткен жан.

«…Орынборға дүниені аралаған жиһангер Степанов келді. Бұл Степановтың нәсілі қазақ екен, Торғай облысының, Торғай уезінің, Қайдауыл болысының қыпшақ, қаз руы. Әли баласы екен. Мұнан он бес жыл бұрын, 14 жасында, Қостанай қаласында городской школда оқып жүргенде христиан дініне шығып, Қостанайдан Орынборға келіп, духовный училищеде оқып, онан духовный семинарияда оқып шығып, Қазан қаласына барып «поп» дәрежесінен алады… Москвадағы духовный академияда дәріс тыңдап жүрген». (Міржақып Дулатұлы, «Айқап», 12, 1912).
«Большевиктер Орынборды алғанда, 200 большевик әскеріне бастық болып Жалғабаев – Жангелдин – Степанов – Степнов деген шоқыншық Орынборға келіп, комиссар болады. Бұған помощник болып Орынборда тұратын Мұхамедияр Тұңғаншин деген белгіленді.
Бұл екі бұзық қосылып, Орынборда бірнеше жылдан бері шығып, қазақ халқына бас-көз болып отырған «Қазақ» газетасын жапты. Алаш автономиясына қарсы болып, автономияға керек істерді жойды. Алаш автономиясының туын тігіп, Алаш баласын аман алып қаламыз дегенде, ел ішіне бүлік салып, газетаны жауып, большевиктермен бізді таратқан бұл сықылды қазақ халқына зиян келтірген осы екі бұзықтан жаман қазақ халқының дұшпаны бар ма?» (Арғын баласы, «Бірлік туы», 1918, 24).
Жангелдин – Степнов деген шоқынғандар Алашқа, қазақ оқыған­дарына, Алаш мемлекетіне осындай жаулық жасаған болатын…
Сұмдық-ай!

Елдос Тоқтарбай

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір