САРАНЫҢ СЫРЛЫ ӘЛЕМІ
03.06.2022
550
0

Қадығұлова Сара Қажымұратқызын ұстаз деп қана емес, қылқалам шебері әрі желтоқсанның теріс саясаты мен ызғарына мойымаған ардагер ретінде жақсы білеміз. Ғұмырын ұлтын ұлықтауға, сол жолда басын бәйгеге тігуге арнаған аяулы жанның бірнеше суреті мен шағын өмірдерегін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Қадығұлова Сара Қажымұратқызы 1965 жылы 12 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Қызыларық ауылында 1983 жылы орта мектепті бітіріп, сол жылы Абай атындағы педагогикалық институттың көркем-сурет графика факультетіне оқуға түсті. Оқуды аяқтаған соң, қазіргі Тараз қаласына жолдамамен кетіп, мұғалімдік қызмет атқарды. Содан 2004 жылы Алматыға қайта оралып, Боралдай кентіндегі №39-гимназияда көркем еңбек пәнінен сабақ беріп жүр. Басты мақсаты: Халықтың мәдени мұрасы – дәстүрлі өнерді заманауи өнер туындыларымен ұштастыра отырып білім беру. Оқушылардың бойында туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Оқушылары өнер саласында «Дарын», «Кіші ғылым академиясы» сияқты ғылыми жоба жарыстарына қатысып үнемі жүлделі орындарға ие болып жүрген ұстаз бос уақытында сурет салумен айналысады екен. Шығармашылығында тақырыптық суреттер, пейзаждар, символизм және анималистік жанрдағы картиналар аз емес.
Таяуда жеке көрмесін өткізген суретші: «Шығармашылық іс-шарамды мені өнерге баулып, жеке тұлға болып қалыптасуыма көмектескен әпкем Айгүл Қажымұратқызының рухына арнаймын», – дейді.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір