Қазақ әдебиетінің көктемі
23.05.2022
2905
0

Дәл осындай атпен мамырдың 18-і күні Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде әдеби жыл қорытындысы болып өтті.

Әдеби жыл қорытындысы – қаламгерлердің қадірменді Қазақ Әдебиеті мен ойлы оқырман алдында жыл бойы жазған туындылары туралы есеп беретін шара есебіндегі жиын. Әрі бұл күн жалпы жазарман қауымның төл мерекесі де іспетті: алыс-жақыннан ат арытып келген ақын-жазушылар бір-бірін көріп, қауышады, есен-саулықтарын біледі, шығармалары жайында пікір алмасып, ой бөліседі. Соған орай санқилы жанр түрінде жарық көрген дүниелерге байланысты баяндамалар оқылып, авторлардың есім-сойы аталады. Аталып қана қоймайды, мақталады, қайсыбірі сын садағына ілініп қалып та жатады. Қысқасы, әдеби жыл қорытындысы болатын күн – қаламгерлер үшін ерекше күн. «Қазақ әдебиетінің» оқырмандары үшін де бұл күн – қатардағы күндерден бөлек күн. Өйткені «Қазақ әдебиетінің» оқырманы «бәрін сіңіріп оқи беретін оңай» оқырман емес, талғампаз оқырман. Әдебиетті жанындай сүйетін оқырман. Сондықтан біз – «Қазақ әдебиетінің көктеміне» оралған қаламгерлердің шығармалары туралы баяндамаларды барынша ұқыптап, оқырман назарына толықтай ұсынғанды жөн көрдік. Мархабат!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір