НАУАИ ТОМДЫҚТАРЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
26.09.2021
392
0

Түркінің ұлы шайыры, Абай бата сұраған жеті ақынның бірі саналатын Әлішер Науаидың шығармалары  қазақ тілінде тұңғыш рет толық жинақталып шығып отыр. Ұлт мәденеиеті үшін айтулы оқиға. Биыл 580 жылдығы аталып өтіп жатқан ақынның түркі әдебиетіне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Шығыс жұлдызының туындыларын өзбек тілінен қазақ тіліне көрнекті ақынымыз Несіпбек Айтұлы, шығыстанушы ғалым Төрәлі Қыдыр мен өзбекстандық ғалым Мұхаммад Әли тәржімалаған.

Араб пен парсы тілі үстемдік алып, түркі тілі тасада қалған тұста, ақын түркі тілінде ғылыми еңбек һәм ғазалдар мен дастандар жазған болатын. Тек жауынгерлік тіл деп аталып келген түркі тілі  бұдан соң әдебиет пен ғылым тіліне айналып, әртүрлі салада тың дүниелер жазыла бастады. «Екі тіл туралы пікір», «Науаидің ғазалдары» және «Хамса» кітаптары оқырманға таныстырылып үлгерді. «Хамса» атты соңғы жинаққа ақынның «Ләйлі-Мәжнүн» және «Ескендір қорғаны» атты екі дастаны енген. Кеште сөз алған халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі  ұлы ақын жайлы ойын сабақтай келе:

–  Абайдың шығармаларының өзбек тілінде жарық көруі қазақ әдебиетін Өзбекстанда таныстырса, Науаи шығармаларының қазақ тілінде жарық көруі ұлы ойшылды қазақ оқырмандарымен жақындастыра түседі. Сондықтан мұндай әдеби, мәдени байланыстар тамырлас, тағдырлас, тарихы бір халықтарды тіптен жақындастыра түседі деп ойлаймын,  – деп пікір білдірді.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір