«ӘЛЕМНІҢ МӘНІ – ӘЙЕЛДЕ»
15.03.2021
564
0

Әйел – ана, әйел – жар, әйел – мейірім күзетшісі. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Әлемнің мәні – әйелде» атты салтанатты шара өтті.
Өнегелі аналардан құралған Аналар кеңесі – қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайтуды мақсат еткен ұлағат мектебі.
Салтанатты мерекеде «Ақ ниет» ансамблі мен жас өнерпаздар өнер көрсетті. Елге еңбек сіңіріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген аналарға «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі атынан Алғыс хаттар табысталды.
Қоғамдағы аналардың рөлі мен отбасындағы тәрбие жайлы мәнді пікірлер, ақ тілектер айтылған кеште «Нұр әсем» сән үйінің ұлттық киім үлгілерінің көрсетілімі болды.
Шара соңында Достық үйінде Аналар кеңесі кабинетінің ашылуы өтті. Мереке қарсаңында еңбегі еленген аналар алғыстарын білдірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір