Т. Айдарханұлы. Баянды бір бақыт үшін адасқам…
23.02.2021
1859
0

Тұрдыхан Айдарханұлы

 

Таңғы шықтар

Таң мен түннің жаралған арасында,

таңғы шықтай ғұмырым нанасың ба?!

тамшы тірлік гүлдердің таңдайында,

мөлдірейсің бұлақтың жағасында.

 

Мөлтілдеген мөлдірім төгілмегін,

төгілгенің үзгенің өмір демін.

Сенің титтей шараңа сияды аспан,

барқыт түннің сезінсе сөгілгенін.

 

Сенің титтей шараңа сияды аспан,

Кінаң болса пәш қылар қия басқан.

жұдырықтай, жол сілтер жүрегіңе,

жұмыр жердің бетінде жиі адасқан.

 

Тыныштықтың тыңдатып шырын әнін,

тіптен бізге ұнайды тұнығаның.

тағдырыңнан таңғы шық алаңдаймын,

қызыл желі соққанда құбыланың.

 

Сен де мені…

сен де мені табиғат аяамайсың,

күзден соң-ақ кетесің қырын қарап.

адамдардың түрі жоқ аяайтұғын,

белгілі ғой ол маған бұрыннан–ақ.

 

жұрт не десін мен жайлы керек емес,

күндеріме өкінбен өткен масаң.

күз тұманын қарсы аллып күкешемде,

келеді деп отырам көктем қашан?!

 

Ағыл-тегіл ақтарып бар қаһарын,

күркіресе шіркін-ай, аспан алып.

ақ сарайға айналып менің күркем,

кетер еді келісті баққа оранып.

 

сұрқы қашқан сүикір күз дала мынау,

көктем жайлы тулайды ішімде өлең.

құр алақан бәрінен қаламын-ау,

құдіретке сенгенім үшін де мен.

 

Қара нөсер

Қара нөсер көктің сиы шашылдың,

Қүдіретсің ғұзырыңа бас ұрдым.

Таң алдында тырсылыңнан оянып,

Мұң құшақтап төсегімде жатырмын.

 

Қара нөсер төпелейсің қаншалық,

Көк тасқыным жатыр саған қарсы ағып.

Талай тұрғам еріндерім кеберсіп,

Көкшіл аспан айдынына тамсанып.

 

Қара нөсер жауабы жоқ сұрақ бұл,

Жалқы жанның қайғысына құлақ түр.

Қасіреттен қарс айырылып жұрегім,

Жыртық үйдің төбесі де жылап тұр.

 

Қара нөсер сен көгімді бүркедің,

Амалым не көз жасымды іркемін.

Қара аспанның өзгереме реңі?

Түтанады жұрегімде білте мұң.

 

Қара нөсер дәмің сондай кермек тым,

Заһардайсың ішіндегі шөлмектің.

Тамырларын улап жатқан сяқты,

Тағдырын да талқыға сап жер-көктің.

 

Қара нөсер…

Құиып кетті қағынған

Алжыды аспан ақыл-естен жаңылған.

Аласапыран үстемдігің аяқтап,

Қашан ғана түсесің сен тағыңнан?!

 

Адасу

 Пана болмай дарқан өлке кең аймақ,

Жалғыз ұям жабығамын сені ойлап.

Баспанамнан бағызы бір заманда,

Адастырып кеткен мені жел айдап.

 

Үйі де жоқ, күйі де жоқ мұндардың,

Мұңға толы жүрек үнін тыңдар кім?

Қиялымның сарайында жатып-ап,

Шерлі ғалам шайырындай жырлармын.

 

Өкініштен өзегіне шоқ түсіп,

Ұлиды кеп көңіл байқұс көк күшік.

Жалғандағы жалғыз панам жан ұям,

Ұжымақ іздеп кетсем бе екен көкке ұшып.

 

Ұша алмаймын пендесімін мен жердің,

Серігім жыр сені іздедім сенделдім.

Еркіндіктің періштесі ақ қанат,

Ертектегі елесіңмен емделдім.

 

Жарық күнді жан ұяма балап сан,

Баянды бір бақыт үшін адасқам,

Жер бетінде шиырлаған ізім бар,

Қайда барсам қалқияды қара аспан.

 

Тауға асығу

«Тау деу керек таудың елдерін»

                                             Жеңіс шәкенұлы

 

Тауларға шыққым келіп жүр,

Жасыл сай, бұйра бұлақты.

Сарала сағым аунаған,

Сағындым салқын қыратты.

 

Тауларға барғым келеді,

Тас бастау маған ең керек.

Жанымның өксіп өлеңі,

Пендемен жүрмін, пенде боп.

 

Сағыныш мұңға алмасты,

Таудағы келмес әр ақ таң.

Адамның бәрі алжасты,

тәңірі адал жаратқан.

 

Сәбилік ойдан кетпейді,

Тайынша-тайға мінген дұр.

Көкірегімде көктейді,

Ерменнің нілі сіңген жыр.

 

Таудың киесі жыр еккен,

Сезімге жаным себеді от.

Жарық іздеген түнектен,

Тағдырым сайтан көбелек.

 

Тараған таудай әулеттен,

Жұмыртқасы едік шайқаған.

(таудың елдерін тау деп мен)

Бүгіндер қалай айта алам?

 

Құзарын қиса бұл тағдыр,

Көкжиегінен көрем бақ,

Асқақтап қарап тұрсам бір,

Пенделік біткен төмен қап.

 

Ақпандағы арпалыс

Айналам толы ақ шаңыт,

Бір сәуле көзге ілікпей.

отарға барам аттанып,

Атыма мініп сүліктей.

 

Тарылтып мүлдем тынысты,

Ақпанның аппақ тұманы.

Уайымдай боп жымысқы,

Кеудеме шөгіп тұрады.

 

Жанарын тігіп жалтаңға,

Қайшылап қамыс құлағын.

Аршындап алға тартады,

Астыма мінген пырағым.

 

Бұлыңғыр мынау кеш ерек,

Сездірмес тірлік баранын.

Тұрлаусыз тағдыр жетелеп,

Тұманға сіңіп барамын…

 

Қанталап күнім батқанда,

Қараңғы тартып бар алап.

Торықты жаным ақпанда,

Аш қасқыр ойлар қамалап.

 

Жағалауда

Келіп кетті бұл өңірге сан көктем,

сан көктемде сансыз құстар әндеткен.

Іңкәр жүрек иіріміне батырып,

Бір махабат билеп еді жанды өктем.

 

Таң шапағын кірпік етіп жебедей,

көгершінім сен де ерте келе ғой.

мамыр желі бұрымыңды толқытқан,

сезім құйсын жүрегіме телегей.

 

Алтын жиек аспаныммен тілдесіп,

қос ғашықтай жатсын мүлде үндесіп.

көл бетінде көлеңкеміз қауышып,

жағалауда жүрейікші күн кешіп.

 

Би кешінде

Сен отырдың,

моп﹣момақан бұиығы,

мен отырмын шеше алмай,

ойларымның тұйығын.

Анда﹣санда біздің жаққа аунайды,

қарлығаштай жанарыңның қиығы.

 

Ғажап екен бүгінгі өткен би кеші,

Күлімдеші, мың бұралып билеші.

Алапатты оттан ыстық күи кешіп,

Сосын барып отырайық,

көздеріміз тілдесіп.

 

Музыка да басталды әне,

барабандар қағылып,

жұлдызды аспан жұмағымдай жарығым!!

сен билеп ең бейіштегі Арудай,

балғын тәнің ай нұрына малынып,

мені алға жетеледі тағы үміт.

 

Өткен күнге өкпелеуге болама?!

боз баламын, амал не,

болып алдың сен ана.

төңкеріліп түсетіндей дүние,

қолым создым бокал толы бозаға.

 

 

Арман–елес

Арман﹣елес ақ басты алып шың ба еді?

жолы бұраң күдірі мол күрделі.

жел саусағы етегімнен жібермей,

тағдыр мыстан тәлкек етіп жүр мені.

 

Қасиетін қыран қонар құзардың,

қиялымда қызықтаумен тынармын.

сәбй санам сүиінгенде көркіңе,

су бетіне суретіңді сызармын.

 

Арманымның аппақ﹣аппақ елесі,

Биіктерден қол бұлғайды келесі,

жетер едім қос өкпемді қолыма ап,

кері айналып кетпесе егер жер өсі.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір