ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ
24.09.2020
1295
0

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының директоры Р.Е.Сексенованың басшылығы және «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдері Қ.Қ.Нұрлыбекова, Д.Б.Оспан, Г.Ж.Махамбетова, Ж.С.Абитова, Д.Ғ.Орынбаева және тілші, әдебиетші ғалымдардың аянбай еңбек етуі нәтижесінде «Негізгі білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептерінің» 5-9, 10-11 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу және «Абайтану» бағдарламасы жарық көрді.

Оқушыларды тіл өнеріне баулып, би-шешендеріміздің шешендік сөздерімен қаруландыратын «Шешендік өнер», әлем әдебиеті классик жазушылары мен ақындарының алдыңғы қатарлы шығармаларымен таныстыру мақсатында құрылған «Әлем әдебиеті», Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында көрсеткен міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде, 5-11 сынып оқушыларының түркі тектес халықтардың ішінде ең бай тіл саналатын қазақ тілінің, өздерінің ана тілінің қыр-сырына терең үңіле түсіп, ұлы қазақ ұлтының этнографизмдері, мәдениеті – рухани байлығын жан-жақты меңгеруіне бағытталған «Ұлы Дала даналығы», мұғалімнің бағыттауымен жаңартылған бағдарламаның интербелсенді әдістерін қолдана отырып, сол арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын арттырып, алған білімін өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыруға негізделген «Мәтін талдау»; сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінде когнитивтік тілдік бірліктерді мақсатқа сай қолдана білуге және этномәдени ұлттық құндылықтар мен әлемдік когнитивтік құндылықтарды зияткерлік тұлға ретінде пайымдай алуға бағытталған «Когнитивтік лингвистика» бейіндік пәндері бірнеше ғалымдар, барлық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің редакторлығымен жасалып, оқу бағдарламасына енгізілді.
Бірлестік жетекшісі Г.Ж.Махамбетова 2020-2021 оқу жылының 15 қыркүйегінен басталатын «Абай және ұлттық тіл» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті, қоғамдық пәндер әдістемелік бірлестігі айлығының жұмыс жоспарын жасап, жоспар бойынша іске асырылатын мазмұнды іс-шараларды белгіледі.
Айлықтың алғашқы аптасында «Қашықтан өткізілетін олимпиадалар мен конкурстарға қатысу» бойынша қазақ тілінен өткен Республикалық қашықтық олимпиадада мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім», – деді. Ал білімді жас ұрпақ – тәуелсіз еліміздің болашағы.

Ұ.Б.АҒЫБАЕВА,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір