ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЗЫНАСЫ
06.11.2015
1580
0
776991_1731892277_IMG_0661Былтырғы жылы Қытайдың Куйтун қаласындағы «Іле халық баспасы» мен Алматыдағы «Мерей» баспасы екі елдің әдебиеті, мәдениеті мен тарихын насихаттау жобасын жасаған болатын.

Соның нәтижесінде таяуда «Қазақ ауыз әдебиетінің қазынасы» деген сериямен алты том – «Қисса-дастандар», «Шежірелер мен айтыстар», «Өлеңдер және тұрмыс-салт жырлары», «Тұрмыс-салт жырлары», «Халық ақындарының өлең-жырлары, қисса-дастандары», «Шешендік сөздер, арнаулар және мысалдар» Қытайда жарық көрді. Сонымен бірге, Қытай тарихшылары Уаң Миңжы мен Уаң Биңхуа бірлесіп жазған «Үйсін туралы зерттеу» кітабы тарихшы-профессор Нәбижан Мұхаметханұлының аудармасымен баспадан шықты. Кітаптардың әрқайсысының таралымы үш мың данадан. Мұнан өзге «Жібек жолы – жыр жолы» сериясымен Қытайдағы қандас ақындар Алмагүл Жұмажанқызының «Жүрекжарды», Құрылысхан Талянқызының «Үкілім», Ынтымақ Сәдудің «Жанымды мың бұрадым», Венера Қайырғалиқызының «Сағынуға бір ғұмырым жетпейді», Нұржан Манапұлының «Ғашықтық ғазалдары», Айдынбек Шәріпханұлының  «Мен сені сағынғанда»  қатарлы жыр кітаптары «Мерей» баспасынан басылып шықты. Кітапқа алғысөз жазып, таланттарға ақ жол тілеген белгілі ақын – Ғалым Жайлыбай.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір