«БІЗДІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ»
07.07.2020
633
0

Елорда күніне орай Алматы қаласының танымал тұлғалары, мәдениет және спорт өкілдері мен белсенді жастары әлеуметтік желілерде #Elbasyonelove #НашПервыйПрезидент хэштегтерімен челлендж өткізді.

   Челленджге қатысушылар Елбасымен түскен фотосуреттерін жариялап, мерейтойымен құттықтай отырып, зор денсаулық пен шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, қала жастары әртүрлі саладағы жетістіктерімен бөлісіп, жастарға шабыт пен қолдау көрсеткені үшін Елбасыға алғыс-тілектерін білдірді.  Ал Алматыдағы эстрада әншілері Астана күніне арналған патриоттық әндер шырқады. Сонымен қатар, белгілі дирижер, домбырашы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіров А.Жүдебаевтың «Нұрсұлтан» күйін орындады. Аталған челленджге әншілер Ерболат Құдайберген, Тұрар Рахымберлин, Ayree, «Keshyou» тобы, дзюдо бойынша спорт шебері, Азия чемпионы Елдос Жұмақанов, коньки тебу бойынша спорт шебері, ҚР чемпионы, ҚР Кубогы мен Әлем кубогының жүлдегері Анвар Мухамадеев, каратэ бойынша спорт шебері, Азия ойындарының күміс жүлдегері Дидар Әмірәлі, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, екі дүркін Әлем чемпионы Назым Қызайбай, бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиадалық ойындар жүлдегері Дариға Шәкімова және т.б. қатысты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір