ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІНЕ ҚАЛАМГЕРЛЕР ДЕ ҮН ҚОСТЫ…
28.04.2020
1658
1

ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ кезекті мәлімдемесін жариялап, халықтың төзімі мен ауызбіршілігі сынға түскен күрделі кезеңнен ел экономикасын құлдыратпай, жоспарлы түрде біртіндеп  шығудың маңызды екенін тілге тиек етті. Осы орайда Мемлекет басшысының үндеуі турасындағы қаламгерлер пікіріне құлақ түрдік.

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

ТАРИХТЫҢ БІР САБАҒЫ

         Карантин кезінде елімізде төтенше жағдай жариялануы оңды шешім болды. Індеттің алдын алуға дер кезінде шара қолдана білдік. Халық та Президенттің шешіміне дән риза болып, елдік қасиетін танытты!
Санаулы күндерден кейін осы сабырлылығымыз бен парасаттылығымыздың жемісін көретін боламыз, мәселе, міне, осында. Алла жазса, бәрі де орынына келеді. Халық пен билік бір жеңнен қол, бір жерден сөз шығарған кезде алынбайтын қамал жоқ екеніне көз жетті. Тарихтың бір сабағы, міне, осы! Осыны терең түсінуіміз керек.

 Тыныштықбек ӘБДІКӘКІМҰЛЫ, ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

ОРТАҚ БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛМАҒЫ ӨЗ ҚАРЕКЕТІМІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ

         Адамзат тағдырын әлекке салған пандемия  кезеңінде ел тірлігін  парасатпен, сабырмен бақылауда ұстап отырған Президенттің бүгінгі  мәлімдемесі мемлекеттік аса маңызды мәселелерге арналған күрделі шешімдерінің саяси-әлеуметтік, экононикалық алгоритімінің айқын көрінісі болды. Табысынан айырылған азаматтар мен мұқтаж отбасыларға  көрсетілер көмектің жалғаса бермегі – халықтың билікке деген сенімін одан сайын нығайта түсті. Ел экономикасының генераторы іспеттес ұлттық компанияларға демеу көрсету, олардың ұлт тағдыры жолында жоспарлы түрде жұмыс істеуі үшін тактикалық һәм стратегиялық оң шешімдер қабылдануда.
         Еліміздің әр азаматының денсаулығы мен өмірінен қымбат ештеңе жоқ екенін бұқараға өзінің әр ізгі ісімен үнемі дәлелдеп келе жатқан Мемлекет басшысы  кейбір аймақтарда әлі де өте жұқпалы вирустың таралу қаупінің сейілмегенін, соған орайғы сақтық шараларын әлеуметтің бұдан былайғы кезеңде де қатаң сақтау керектігін, сонымен бір мезетте экономикалық қуатты тетіктерді іске қосудың да өте қажеттігін  ерекше атап өтіп, қоғамдық түрлі салаларда атқарылар пәрменді істердің нақты бағыт-бағдарын айқындап берді. 
         Отанымыз үшін аса сындарлы осынау кезеңде  әрқайсымыз  ортақ болашағымыздың жарқын болмағын өз қарекетімізбен, ынтымағымызбен, тәртібімізбен дәлелдей жүріп, Президентімізді үнемі қолдауды басты парызымыз деп білуіміз керек.

Роза МҰҚАНОВА, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург

ҮЙДЕ ОТЫРУ – ҚАСІРЕТ ЕМЕС

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Үндеуі көптің көкейіндегі сауалдарға жауап бергендей болды. Төтенше жағдай кезеңінде халықтың денсаулығы мен тұрмыстық жағдайын Мемлекет басшысы назарынан тыс қалдырған емес. Соның арқасында індеттің беті толықтай қайтпағанымен, таралып кету қаупінен сақтандыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. Қажетті іс-шаралардың дәл уақытында ұйымдастырылуы, қалай дегенде де, халықты жұқпалы дерттен айтарлықтай сақтап қалды. Енді ары қарай да босаңсымай, осы тәртіпті сақтағанымыз дұрыс. Президент карантин талаптарын қатаң ұстасақ қана індеттен түбегейлі құтылатынымызды айтып, бекітілген шарттылықтарды бұлжытпай орындауға шақырды. Вирустың вакцинасы жоқ болғандықтан, әлі де қауіптің сейілмегені халыққа ашық айтылып отыр. Бұл күрделі ахуал көптеген қиындықтарды тудырғанымен, бізге шыдамдылық керек. Мемлекет халықтың жағдайын оңалтуға бел шешіп кірісуде. Үйде отыру – қасірет емес. Уақытша қиындықтарға шыдауға болады. Оңай емес, әрине. Бірақ өзіміздің, отбасымыздың, еліміздің  амандығы үшін  осындай өтпелі кезеңде де ауызбіршілік пен ұйымшылдығымызды көрсетуіміз керек.

Сәмен ҚҰЛБАРАҚ, филология ғылымдарының докторы, профессор

БІРЛЕСЕ КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың елдегі төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қоюы жөніндегі халыққа арналған Үндеуі барлық мәселені ашық, нақты айтуымен маңызды деп білемін. Қазіргі алыпқашпа әңгіме өрттей қаулап тұрған кезде халық шындықты біліп отыруы және мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмысты, әлі де сейіле қоймаған қауіпті дерттің салмағын шын жүрекпен сезінуі қажет.

Қазіргідей сын сағатта Мемлекет басшысының «Тағы да қайталап айтамын: қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды»,  – деп айтуы көпшіліктің көңіліне сенім ұялатады. Бұл ретте елімізде көп жұмыс атқарылуда, Мемлекет басшысының сөзінде нақты мәліметтер мен алдағы уақыттағы міндеттер келтірілген.

Бірақ біздің әрқайсымыз жауапкершіліктің екінші жағы бар екенін естен шығармауымыз керек. Б.Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген аталы сөзін есте сақтап, карантин шараларын қатаң басшылыққа алуымыз қажет-ақ.

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ, ҚР мәдениет қайраткері, жазушы

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖУРНАЛИСТ ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАЙ БІЛГЕНДІГІ ҚУАНТТЫ

Мемлекет басшысының кезекті Үндеуінде ақпарат саласында қажырлы еңбек етіп жатқан журналист әріптестерімізге алғыс айтқанын өз басым өте орынды деп санаймын.
Шын мәнінде, осы бір аты жаман індет тарала бастағаннан бері тынымсыз еңбек етіп жүрген салалардың бірі – ақпарат құралдарының шығармашылық  ұжымы. Карантин тұсында журналистердің жүріп-тұрулары мен ақпарат алу мүмкіндіктері шектелсе де олар барынша зор ізденіспен еңбек етіп жатыр.
Интернет арқылы тарайтын ақпараттар, стенд-ақпараттық вэб-сайттар қазіргі таңда бәріміздің күнделікті қажеттілігімізге айналып үлгерді. Соған қарамастан, дерек-дәйегі мықты шынайы ақпаратты халық кәсіби журналистерден ғана күтеді. Біздің журналистер  әлеуметтік қарым-қатынас желілерін пайдалы әрі тиімді қолданып жатыр. Мысалы, «Қазақстан» ұлттық арнасының журналисі Нартай Аралбайұлы түрлі сала мамандарымен онлайн түрінде көптеген тартымды сұхбаттар жүргізіп, Ютуб әлеуметтік желісі арқылы таратты. Жұрттың оны ықыласпен қабылдап жатқанын көрермендер санынан және олардың кері байланысынан аңғаруға болады.
Біздің кәсіби журналистер блог, микроблог, уики-парақшаларды  жеке адамдар арасындағы байланыстың міндетін атқаратын дүние ретінде ғана қарастырмай, бұқаралық ақпаратты, пайдалы мәліметтерді қабылдаудың да бірден-бір арнасына айналдырып үлгерді. 
Осылайша журналистер оны  ресми парақшаға айналдырып, сенімді ақпарат көзі етуге, шынайы мәліметтер нысаны етіп, жаңалықтар таратуға, іскерлік ой-пікір нысаны етуге тырысатын  журналистер арасында игі үрдіс пайда болды. Журналистер арасындағы осындай жаңашылдық дәстүрлі ақпарат құралдарының мазмұнын байыта түседі.
Журналист әріптестердің еңбегін бағалай білгендігі үшін Мемлекет басшысына дән разымыз. 

Әзірлеген Мөлдір Райымбекова

ПІКІРЛЕР1
Аноним 29.04.2020 | 11:07

Әлемдік Экономика — бұл ашық бейсызық жүйе толқынды құрылымға ие — қарапайым тілмен айтқанда-әлемдік экономика өрлеу мен құлдырау циклы бар-цикл бұл ғылыми тіл подьем-құлдырау-депрессия тұрады,бұл Қазақстан экономикасы үшін және тұтастай алғанда,әлемдік экономика үшін депрессиядан кейін экономика дамиды ,ол 24-26 жыл болады, 2028 жылға дейін әлемдік экономика циклдің түбіне дейін жетеді ,содан кейін қарай басталады-әлемдік экономика циклі-бұл аксиома  қарапайым адамдар үшін  мен ЖОО оқытушы қызметін атқарғанмын.; 2028 -2055 жылдан бастап әлемдік экономика мен әлемдік саясат архитектурасы өзгерді ,мұнайдың орнына экспорттық инесі ретінде және Қазақстан экономикасы қауіпсіздігінің жастықтары болмайды,мұнай-газ сияқты энергия ресурстарының орнына нөлдік ластанумен және орасан тиімділікпен арзан энергия көзінің жаңа түрі келеді.Қазақстан жас нарықтық экономика-біз дамыған елдердің жолына барамыз және өтудеміз-бұл эволюциялық процесс — бірақ энергияның жаңа түрлерінің арқасында мұнай емес, газ-Қазақстан үдемелі өсім жасайды. Экономикалық дағдарыс 2028 жылға дейін дағдарыстың аяқталуына дейін ауыл шаруашылығының депрессиясы себеп болып отыр ,бұл біз Қазақстанда және бүкіл әлемде көреміз.сондай-ақ АҚШ-долларының айырбасталатын валютасы-долларының құлдырауы кезінде алтын бағасының артуы, дамушы елдер тарапынан ұзақ мерзімді перспективада қарыздарға сұраныстың құбылмалылығы Дүниежүзілік банк тарапынан және әлемдік экономиканың қаржылық тұрақтылығын реттеуші ретінде Халықаралық Валюта Қоры тарапынан валюталық интервенциялардың төмендеуі.Болжам мен жасаған әзірлеменің көмегімен жасалды; гелиобиология және макроэкомика синтезі-Гелиоэкономика -1996 жыл Мәскеу баспасы — & quot;стохастикалық әдістер жалпы редакциясы-РҒА академигі-Юрий Васильевич Прохоров — Барлық құқықтар қорғалған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір