Одақ төрағасы редакторлармен бас қосты
13.02.2025
87
0

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағының құзырындағы басылым редакторларымен жиналыс өткізді.

«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып пен «Жұлдыз» журналының бас редакторының орынбасары Дархан Бейсенбек, «Жалын» журналының бас редакторы Құдияр Біләл, «Простор» журналының бас редакторы Фархат Тамендаров қатысқан жиналыста әр басылым бойынша редакторларға арнайы тапсырма берілді, сонымен қатар олардың орындалу мерзімі мен негізгі талаптары белгіленді. Бұған қоса, биылғы жылға жоспарлар құрылып, ақпараттық материалдардың сапасын арттыру, тақырыптық жоспарларды жетілдіру және өзара үйлесімділікті күшейту мәселелері талқыланды. Редакторларға журналистердің жұмысын қадағалау, мазмұндық бағытты нығайту және оқырмандарға қызықты әрі өзекті ақпарат ұсыну жөнінде нақты нұсқаулар берілді.
Төраға басылымдардың сапасын көтеру, әлеуметтік желілерде кең көлемде насихаттау, таралымын көбейту мәселелері  төңірегінде баса айтты. Қазіргі заманда басылымдардың таралымы тым аздығын, әлеуметтік желілерді толық пайдаланып, оған белсенді жұмыс жасау керектігін нұсқай келе: «Алды ғасырдан астам тарихы бар, республикадағы бірден-бір газет-журналдарымыздың ғұмырын ұзарту – біздің ең үлкен борышымыз», – деп қорытындылады сөзін.
 

Қазақстан Жазушылар одағының
Баспасөз қызметі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір