БАҚЫТ ДЕГЕН ҚАР ЖАУҒАН КҮН…
16.12.2019
864
0

«Пруст сауалнамасы» VS «Қазақ әдебиеті»

Сауалнама қонағы: ақын Әділғазы Қайырбек

– Адамның басты қасиеті не деп ойлайсыз?

– Адамгершілік.

– Ер-азаматтың басты қасиеті не?

– Отанға адалдық.

– Бақыт деген ұғымды қалай түсінесіз?

– …Бақыт жайлы өлең оқып берші дедің өтініп, Бақыт деген қар жауған күн екендігін сезбестен…

– Сүйікті әдеби кейіпкеріңіз кім?

– «Абай жолындағы» Абай.

– Ең басты кемшілігіңіз не?

– Саудаға ебім жоқ.

– Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

– Қазақтың күйлерін, халық әндерін тыңдаймын.

– Өмірге екінші рет келсеңіз, кім болуды қалар едіңіз?

– Суретші болар едім.

– Қандай елде өмір сүргіңіз келеді?

– Тек қана Қазақ елінде.

– Қандай ерекше қабілетке ие болғыңыз келеді?

– Көріпкелдік.

– Қандай сәттерде осалдық танытасыз?

– Қатты қуанған кезде.

– «Ғайыпқа сену» дегенді қалай түсінесіз?

– Аян беретін түске сену.

– Егер өнертапқыш болсаңыз, не нәрсені ойлап табар едіңіз?

– Ұшқыш кілемді ойлап табар едім.

– Не нәрседен жиіркенесіз?

– Сатқындықтан.

– Сіз үшін ең ұнамсыз тарихи тұлға кім?

– Сталин.

– Жиі  айтатын қанатты сөзіңіз?

– «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл».

– Көзіңізге жиі жас аласыз ба?

– Иә.

– Үнемі есіңізде жүретін Абайдың бір сөзі?

– «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос».

– Қазіргі адамдардың бойынан қандай қасиеттер жоғалып барады?

– Мейірімділік.

– Біздің заманымыздың мықты ақыны кім? Мықты жазушысы ше?

– Аз емес, көп те емес.

– Жас қаламгердің бойынан қандай артықшылықтар мен кемшіліктерді көріп жүрсіз?

– Заманауи үдеріске өте бейім – артықшылығы, дәстүрімізден алыстап барады – кемшілігі.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір