АППАҚ ҚАР АСТАНАҒА ЖАУҒАН КЕЗДЕ…
18.12.2024
150
0

«Астанада коммуналдық қызмет­тер тәулік бойы белсенді жұмыс атқарып, 168 ауыр жүк машинасымен аппақ қарды сырт жаққа тасыды», – деп хабарлады Астана әкімдігінің сайты.

5 желтоқсанда көшелер мен жолдар, алаңдар мен жолжиектердегі 1892 текше метр қалың қар мен мұздақтарды
2 мың 700 жолшы, сондай-ақ 890 арнайы техника, 168 жүк машинасымен тысқа шығарған. Ал қыс басынан бастап 65 мың ауыр машинамен 839 мың текше метр қар сыртқа тасымалданды.
Нақты ереже бойынша, көліктердің жүрісі көп жерлерде қар мен мұздақ бірінші тазаланып, жолда кептеліс болмауы қадағаланады. Содан соң көліктер едәуір көп жүретін жолдарды – алаңдар, вокзалдың қасындағы территория, жолжиектер, әлеумет­тік нысандардың кіреберістері т.б. тазалау қолға алынды.
Осылайша, орталық көшелер, жолаушыларды тасымалдау транспорт­тары, аялдамалар мен жолжиектер (тротуарлар) басымдыққа ие болады.
Астанада едәуір қаматамасыз етілген қар полигондары жұмыс істейді. Оларда қар тазалайтын техниканың нөмірлерін анықтауға мүмкіндік беретін видеоқабылдау камералары орнатылған, жарық беру жолға
қойылған.
Қала тұрғындары мен Астана қонақтарына жолда абай болуларын, қауіпсіздік ережелерін сақтап, ауа райы бұзылған кезде алдын ала ескертуге құлақ қойып, алыс жаққа бармауға, төтенше жағдай туындағанда 112 телефонына қоңырау шалуға кеңес береміз.
«ESIRTKISIZ ELORDA»: Астана жастар арасындағы нашақорлықтың таралуына қарсы қалай күресіп жатыр?
Биыл Астанада «ESIRTKISIZ ELORDA» жастар қозғалысы қолға алынды. «Бұл жоба нашақорлықты жоюға және жастар арасында салауат­ты өмір салтын нығайтып, кешенді түрде жолға қоюды қамтиды. Бұл жоба аясындағы жұмыстар туралы: «Жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы Самат Ыбыраев коммуникация қызметінің брифинигінде өт­ті» деп хабарлады қалалық әкімдіктің сайты.
Осынау жоба аясында Астанада түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Онлайн-тренингтерде кәсіби психологтер мен аддиктологтер (адамның жан дүниесіндегі ауытқулар жөніндегі мамандар) мектептер мен астаналық университет­терде дәріс өткізіп, нашақорлыққа тәуелділіктің сипатын, оны қамтитын белгілер мен механизмдерін, ойынқұмарлық пен маскүнемдіктің алдын алу, сондай-ақ оларды емдеудің әлемдік жолдарын сарапқа салды.
Жоба бойынша, ақпарат­тық буклет­тер әрбір кездесуде тұрақты түрде таратылады. Буклет­тер салауат­ты өмір салты туралы құнды кеңестер, құмарлықпен әркім өзі таңдаған жолдың маңыздылығын атап өткен.
«Спорт­тық шаралар да осы жобаның бөлінбес бөлшегі, арқауы болып есептеледі. Футболдан аула клубтарының командалары «Astana CUP» турнирінде бәсекеге түсті. Футболдан бөлек, таэквондо мен бокс бойынша спорт­тық челлендж ұйымдастырылды, осының арқасында командалық серпін мен спорт­тық үйлесудің жандануы өріс алды. Сонымен қоса, жыл сайын ұйымдастырылатын «Астана кубогы» 150-ден астам спортшылардың басын қосып, жеңімпаздарға кубок тапсырылды, ал қалған қатысушылар спорт­тық дәрежелерге ие болды.
Жобаның ағарту саласы бөлімінде белгілі қоғам қайраткерлері, полиция өкілдері мен белгілі блогерлер сөз алып, нашақорлықтың зияны туралы өте маңызды тақырыптарды талқыға салды. Әңгіме барысында нашақорлықтың зиянды жақтары, тәуелділіктен арылудың нақты әдістемелері тілге тиек болды.
«JAUAP» айдарында сұхбат берген Астана қаласы прокурорлар басқармасының бастығы Айжан Аймағанова, полиция полковнигі Сергей Ильиных, бұрынғы емделуші – Ринат, блогер, инфлюсенсер Әлімбек Ермағанбетов сөз алды», – деді спикер.
Қала прокуратурасы ойдан өрбіген сот­тың ісін ұйымдастырып, білім алып жүрген жастарға сот­тардың нашақорлыққа қатысты істеріндегі ерекшеліктерін нақты түрде көрсетіп берді.
Заң мен тәртіп: Астана мектептерінде «Қауіпсіздік сағаты» жобасы жалғасып жатыр.
«Астана қаласындағы №111 орта мектепте қалалық жоба аясында «Қауіп­сіздік сағаты» өскелең ұрпақ арасындағы заңбұзушылықтың алдын алу бойынша ата-аналар жиналысы өт­ті. Бұл іс-шараға 250-ден астам ата-ана қатысты» деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Ата-аналар жиналысы қаланың барлық мектептері мен колледждерінде оқу жылы бойынша өтіп келеді. «Қауіпсіздік туралы мемлекет басшысы Ұлт­тық құрылтай мен Қазақстан халықтары ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында да атап өт­ті. Өйткені бұл жағдай үлкен түйткіл болып саналады. Оның үстіне, осы түйткіл – балалардың өміріндегі психоактивті зат­тарды теріс пайдалану мен лудоманияға қатысты жайт. Республикалық Қазақстан халықтары ассамблеясы аналар кеңесі вейппен күрес жүргізіп келеді.
«Аналардың салауат­ты қоғамды құру туралы, оның ішінде, келер ұрпақты рухани құндылықтарға тәрбиелеуге қатысты істейтін шарасы көп. Тіл, діл және дін ұлт­ты ұйымдастырып, қорғай алады. Осы құндылықтар отбасында ғана жасалады және ана ғана жауапкер болады», – деді ҚР Президенті жанындағы Ұлт­тық комиссияның әйелдер істері мен отбасылық демографиялық саясат­тың мүшесі, Қазақстан халықтары ассамблеясы республикалық аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанай. Ата-аналар жиналысында кәмелетке жетпеген жастардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алудағы отбасының рөлі көтеріліп, сондай-ақ кәмелет жасына жетпеген заңбұзушылардың алдындағы ата-ана жауапкершілігі мен өзге жағдайлар талқыға салынды.
«Баланың қауіпсіздігі ата-аналар үшін де, мұғалімдер, сонымен қоса әрбір ересек жандар үшін де ең маңызды құндылық болуға тиісті. Баламен ашық сөйлесу, оның өміріндегі жағдайларға жедел үн қату, цифрлы құрылғыларын бақылау мен қауіпсіздік тақырыбында әңгімелесу – осы қадамдар ғана түйткілдерді жоюға көмектеседі. Ата-аналардың міндеті – баланың мінез-құлқын бақылау ғана емес, онымен қатар баламен сенімді қарым-қатынасты қамтамасыз ету, әрқашан оның айтқандарына құлақ түруге даяр болу әрі көмектесу. Баланың болашағы мен жетістігі біздің тікелей қолымызда», – деді Астана қаласы Білім беру басқармасының кәмелет жасына жетпегендерді қорғау бөлімінің аға маманы Гүлсім Хасенова.
Сонымен қатар ата-аналарға баланың қауіпсіздігі, электронды темекіні сатпаудың тыйымдары, балалардың түнгі уақыт­та жүрмеуі т.б. сұрақтар қойылды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір