Сағыныш Намазшамова: Жас қаламгерлердің еркіндігі ұнайды
14.10.2019
806
0

«Қазақ әдебиеті» vs Пруст сауалы

Ақын Сағыныш Намазшамованың пікірлері

– Адамның басты қасиеті не деп ойлайсыз?

Үздіксіз ізденіс пен өзін-өзі жетілдіру.

– Ер азаматтың басты қасиеті ше?

 – Елжандылық.

 

– Бақыт деген ұғымды қалай түсінесіз?

Жүректің тыныштығы.

– Сүйікті әдеби кейіпкеріңіз кім?

 – Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» шығарма­сындағы Құлан батыр.

– Ең басты кемшілігіңіз не?

«Темірді қызған кезде соқпай», көп ойланатыным.

– Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

Балаларыммен ойын ойнаймын.

– Өмірге екінші рет келсеңіз, кім болуды қалар едіңіз?

Өмірімді нақты ғылым жолына арнар едім.

– Қандай елде өмір сүргіңіз келеді?

Азаматтық позициясы мен азаматтық парызын қатар ұстанатын елде.

– Қандай ерекше қабілетке ие болғыңыз келеді?

Ұша алу.

– Қандай сәттерде осалдық танытасыз?

Қатал шешім шығаруға тиіс кезде.

– «Ғайыпқа сену» дегенді қалай түсінесіз?

 Көзің көрмесе де, көңі­лің, түпсанаң сенетін нәр­­селер болады. Өз басым ғайып­қа сенемін.

– Егер өнертапқыш болсаңыз, не нәрсені ойлап табар едіңіз?

Адам ағзасындағы өзге­рістерді, қай органда қандай бұзылу процестері басталғанын дәлдікпен көрсетіп тұратын және оны түзеудің механизмін айтып беретін білезік сияқты құрылғы болса деп армандаймын. Сонда емханаларға бүгінгідей сабылмайтын едік.

– Не нәрседен жиіркенесіз?

Іші қуыс, сырты паң болудан.

– Сіз үшін ең ұнамсыз тарихи тұлға кім?

Гитлер.

– Жиі айтатын қанатты сөзіңіз?

Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі,

Жамандыққа жақсылық  – ер адамның ісі.

– Көзіңізге жиі жас аласыз ба?

Жан тербетер әнге, кино­ға, бәріне реакциям сондай…

– Үнемі есіңізде жүретін Абайдың бір сөзі…

«Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

 Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Ақылың мен қайратың екі жақтап».

– Қазіргі адамдардың бойынан қандай қасиеттер жоғалып барады?

 Мейірім мен сенім.

– Біздің заманымыздың мықты ақыны кім? Мықты жазушысы ше?

 Тыныштықбек Әбдікә­кімұлы, Асқар Алтай.

– Жас қаламгерлердің бойынан қандай артықшылықтар мен кемшіліктерді көріп жүрсіз?

 Олардың еркіндігі ұнайды, бірақ өзімшілдігі өзінің бағасын білуге ұласса екен деймін.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір