Болашақ президентке бес аманат
31.05.2019
946
0

Президент сайлауына да санаулы күн қалды. Осы күні әр қазақтың көкейінде «Сайлаудан кейін не болар екен?», «Нендей өзгеріс болар екен?» деген сауал жүр. Осыны негізге алып, біз «Болашақ президентке қандай бес аманат» жүктер едіңіз?» деп, ел ішіне: ақын-жазушылар мен ғалымдарға, белгілі қоғам қайраткерлеріне сұрау салдық. Олар былай десті:


Темірхан Медетбек,
ақын:

Жаңадан сайланатын Президентке арқалатар (егер оны көтеруге күш-қуа­ты жетсе) аманат жеткілікті. Әрине, ол аманаттар сіздер айтқан бес аманаттан әлдеқайда көп. Дегенмен газет өтінішінен әрі аспайық.
1. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі ха­қын­да. Міне, отыз жылға таяп қалды, мем­лекеттік тіліміз мемлекеттік деңгейде сөйлей алмай келеді. Қазақ тілі, ең болмаса, ресми тіл болып саналатын орыс тілінің деңгейіне де көтеріле алмай қойды. Соның тасасында ілбіп өмір сүріп келеді. Билік басындағылар шетелдерге барғанда да, ол елдерден келіп кететін делегациялармен де тек ресми тілде сөйлеседі. Бізден басқа бір де бір ел өз тіліне осындай қиянат жасап отырған жоқ. Сондықтан, біздің айтарымыз: мемлекеттік мәселелердің бәрі тек мемлекеттік тілде рәсімделуі керек. Мемлекеттік тіл сонда ғана мемлекеттік тіл болады.


Ақұштап Бақтыгереева,
ақын:

1. Болашақта сай­­ланатын Прези­дент алдымен ты­ныш­тық пен ауыз­бір­шілікті ны­­­ғайтып, ішкі-сырт­қы саясатта абыройлы болғанын қалаймын…


Айгүл ІСМАҚОВА,
филолог-ғалым:

1. Тәуелсіздік – басты құндылық бол­ғандықтан, Елбасыдан кейінгі Президент осы бас­ты бағананы қор­ғау жолында адал қызмет етуі қажет: Бабалардың жері, қа­зақ тілі мен осыларды қорғайтын қа­зақ­тың келешегіне тікелей Президент өзі жауапты екенін сезіну керек…


Қасымхан Бегманов,
ақын:

1. Біздің салт-дәс­түрімізге, ұл­т­тық этнография­мыз­ға терең көңіл бөлетін уақыт жет­ті. Қазіргідей емес, бұдан ары қазып, мем­ле­кеттік мән беріп, ұлттық құнды­лы­ғымызға бұрылуымыз керек. Онсыз біздің еліміздің болмысы, тарихымыз, ата-дәстүріміздің бәрі құрдымға кетеді. Қазір Түркістан облысында бір ғана салт-дәстүр орталығы бар. Басқа аймақтарда мүлдем жоқ. Мұндай орталықтар басқа да ірі қалаларда бой көтеруі тиіс…


Дүкен Мәсімхан,
ақын:

1. Ашық қоғам.
2. Әділеттілік.
3. Діни саясатты жүйелеу.
4. Мемлекеттік тілді шын мәніндегі мемлекеттік тіл деңгейіне көтеру.
5. Дәрігерлер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту.


Рамазан Стамғазиев,
әнші:

1. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
2. Сөз бостан­дығына кепіл болу.
3. Көп балалы ана­ларға толық­қанды жағдай жасау.
4. Жастарды қолдау, жұмыспен қамтамасыз ету.
5. Әбден дендеп кеткен жемқорлықты жою.
Осы мәселелерді шеше алса, біраз жұмыстың басы қайырылар еді.


Ауыт Мұқибек,
ақын:

1. Заңның үс­тем­­дігін орнату.
2. Кешенді бағ­дар­лама жасап, шет­тегі қазақ­тарды көшіріп алу.
3. Парламенттік жүйеге көшуді жеделдету…


Шыңғыс Мұқан,
журналист:

1. Саяси модернизация.
2. Экономиканы күрделендіру.
Осы екеуін жүзеге асыра алса, барлық мәселе шешіледі.


Мөлдір Райымбекова,
жас ақын:

1. Медицина са­ла­­сының әрбір те­ті­гін жалпы халық­қа тиімді, қол­жетімді етіп оң­тайлан­дыр­са.
2. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеруге барынша күш салса…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір