Президентке қарсы шығып жүрген кім?
23.11.2023
90
0

Жуырда «Адырна» ұлттық порталында техника ғылымдарының докторы, академик, профессор Ясин Ұзақовтың сұхбаты жарияланды. Аталған сұхбат желіде біраз талқыға түскені рас. Ұлттық ғылым академиясының өткені мен бүгінін таразыға тартып, болашағы жайлы біршама әңгіме айтылды. Академияны соңғы 20 жыл басқарған жүйенің былығын әшкерелеген Ұзақов отандық ғылымның тұралап қалу себебін ашып айтты.

«Президент жанындағы Қазақтың Ұлттық академиясы деп қайта құрылды. Президенттің жарлығымен құрылып, енді аяғына тұрып кету керек. Бірақ, Президенттің жарлығын орындамай, Президент жарлығына қарсы шығып жүрген адамдар бар» деген ғалым академия басында болған азаматтарды сынға алды. Лабораторияда болып, ғылыми мектебін қалыптастырмаған адамдар ғылымға үлес қоса алмайды деген ойын ашық айтты.

Ясин Ұзақовтың бұл сөзі ғылыми қауымдастыққа ауыр соққы болып тигенге ұқсайды. Бүгін 120-ға жуық академик Мемлекет басшысының атына ашық хат жазып, жаңа академия мен оның Президентіне қарсылық білдірді. Мінбердегі саяси тартыс лаборатория жағалаған ақ жағалыларға жеткен секілді. Әліптің артын бағайық…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір