ӘЙЕЛ
08.05.2019
1134
0

Әйел құпиясы сұлулығымен, даналығымен адамзат баласын әлі күнге таңғалдырып келеді. Осы тақырыпты сөз етпеген пенде жоқ шығар. Әйел бейнесі көркемөнердің барлық түрінде, стилінде және барлық дәуірде негізгі тақырыптың бірі болған архетип. Ана, ана мен бала бейнесі – суретшілердің көркемдік шығармашылығында түрлі әдіс-тәсілдермен айқындалған өнердің мәңгілік тақырыбы. Әйел бейнесі – заманауи суретшілер шығармашылығында да негізгі тақырыпқа айналып отыр.

Археологтардың қазба жұмыстарынан табылған «палеолиттік Венера» деп шартты аталып кеткен алғашқы тас­тан қашалған шағын мүсіндерде әйел мүсінінің алғашқы бастаулары айқындалған. Бұл бейненің әлемдік көркемөнерде алатын орны зор, ол барлық әйел-ана бейнесінің бастауы деп айта аламыз. Ал қазақ көркемөнеріндегі әйел-ана бейнесі – ертеректегі Ұмай ана образынан басталады.
Ана – барлық тіршіліктің бастауы. Қазақ халқының аңыз-әңгімелерінде кездесетін әйел бейнесі – бүгінгі заманауи көркемөнер туындыларының басты тақырыбының бірі.
Мәлік Жүнісбаев – заманауи көркемдік пішінді мүсіндерімен, өзіне тән көркемдік пластикалық ерекше қолтаңбасы қалыптасқан мүсінші. Оның мүсіндері қаланың, табиғат аясының, сәулеттік ғимараттардың және оның ішкі көрінісінің кеңістік шешімдерімен жарасым тапқан көркем туындылар. Мәліктің тақырыпты, пішінді және материалды таңдап алу қиялында шек жоқ. Ағаштан ойып, тастан қашап, мыстан құйылған мүсіндік төлтумалары материалдың фактуралық ерекшеліктерін ұтымды пайдаланып, образдық шешім тапқан шығармалар. М.Жүнісбаевтың пластикалық ізденістері классикалықтан заманауи жаңаша пішіндік шешімдердің түрлі вариацияларында көрініс тапқан. Композициялық тақырыптары да әртүрлі, дегенмен бізді аса қызықтырып, көңілімізден шыққаны – әйел, ана бейнесі…

Қалдыгүл Оразқұлова,
өнертанушы

(Толық нұсқасын газеттің №18 (3652) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір