ҚОҒАМ ӨЗ ДЕРТІН ӨЗІ ЕМДЕУІ КЕРЕК
10.04.2019
1032
0

Б.Ә.Әлпеисов,
Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары

Тарихта өз түбіне өзі жеткен мемлекеттер аз емес. Бірінде азаматтық соғыс, енді бірінде тақ таласы, әйел немесе байлық бөлісуден туындаған кикілжіңдер. Соның тағы бірі, мүмкін, бірегейі — сыбайлас жемқорлық. Дендеп алған дерттен айығудың құны қанша?

Қазір сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байла­ныссыз әлеуметтік құбылыс ретінде жал­ға­сып келеді. Сыбай­лас жемқорлық әлеу­меттік-экономи­ка­лық даму үдерісін, на­рық­тық экономи­ка­ның құрылуын, инвестициялар тарту процесін, ел әлеуетінің артуы мен әлеуметтік-экономи­калық дамуын тежейді. Демократиялық мем­ле­кет­тің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазіргі уақытта Қа­зақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі — сыбайлас жем­қорлықпен күрес!
«Коррупция» термині латынның «cor­rut­pere» деген сөзінен шыққан, мағынасы «мемле­кет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құ­қы­ғын заңға және моральдық нормаларға қай­шы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөз­бұй­да жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы. Көбіне бұл термин бюрок­ра­тиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты жиі қолданылады. Көбіне қоғамда сыбайлас жемқорлыққа екі негізгі кейіпкер қатысады: үкімет және жеке меншік секторы. Қағида бойынша азаматтар жемқорлықтың бас құр­ба­нына айналады. Қоғамның қабілеттілігі, оның ішінде бақылау, мемлекеттік шенеунік­тердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдыр­мау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «…жеке түр­де немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы». БҰҰ-ның құжаттарында қолданылатын жемқорлық терминінің халықаралық-саяси анықтамасы мынадай деп берілген: сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік билікті жеке бас пайдасы үшін, үшінші бір тұлғалар мен топтардың мақсаты үшін асыра пайдалану. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет! Өйткені сыбайлас жемқорлық тәсілінде параны көбірек беруші ғана жеңіске жетеді. Бір қорқы­ныштысы – сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана-сезі­міне залал келтіріп, дүниетанымдарын бұзады…

(Толық нұсқасын газеттің №14 (3648) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір