ҚАЗАҚ ОПЕРАСЫНЫҢ ОПЫҒЫ…
15.02.2019
773
0

Мыңбай РӘШ

Ежелгі досым екеуіміз аяқасты егесіп қалдық.
– Менің айтқаным дұрыс! – дейді ол.
– Жоо-ға, дұрыс емес! – деймін мен.
– Неге дұрыс емес?
– Сен жауырды жаба тоқып отырсың! – деймін оған.
«…Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» демекші, біздің дауымыз Қазақ операсына орай дүрілдеді.

Біртума бірегейлер

– Опера!…
Музыка жанрындағы ең қас­тер­лі дөкей ұғым екенін ешкім де жасыра алмайды. Шымыл­дығын осыдан жетпіс жылдан астам бұрын ашқан Қазақтың Абай атындағы опера және балет театры баршаға мәшһүр өнер ордасы. Һәм музыкасымен, һәм биімен, һәм асқақ әні, қордалы хорымен астасқан өрелі өнер көрермен атаулының қайсысының болсын делебесін қоздырмай, құлақ құрышын қандырмай қой­майды (әрине, онда да үмітіңді үкі­леп, көңіліңді көтере білсе ғана…).
– Ой, ол марқұм бар талантын сала жүріп, он опера жазған жоқ па! – деп сұқ саусағын шошаңдата­ды әлгі досым (әңгіме қай ком­по­зитор жайлы екенін бақиға озған­дықтан қозғамадым…).
– Әу, санға емес, сапаға қарау керек қой. Қазір сол сазгеріңнің он операсының бір де біреуі сахналанбайды. Санға келсек, Италия композиторы Вердидің 83 операсының дені күні бүгінге дейін әлем сахнасынан түспей келеді ғой. Атағы да, дарыны да ноян сазгердің «Риголетто», «Трубадур», «Травиата», «Отелло», «Аида», «Дон Карлос», өзге де толып жатқан опералары жаһан сахналарының жаһұтына айналға­лы қашан! Мұның сыртында Бизе, Россиний, Беллини басқа да өресі биік өнер дарындары даңғайыр қалпында келе жатыр. Олардың музыкалық шығармала­ры тот шалмас саф алтындай, ұзақ ғұмырлы құндылықтар болып саналмай ма!
– Жә, жә, ашуыңды бас!
– Жоқ, сөзімді доғаруға ты­рыспа, сенің опера туралы ожар пікіріңді талғам тезіне салмай болмас…
– Жөн… онда ойыңды жалғас­тыра бер…
– Қай тұсқа келіп ем, ей?
– Вердиді безілдеттің ғой…
– Ә…Солай. Вердидің шығар­ған операларында опық жегізер қоқысы жоқ, шетінен шедеврлер….

(Толық нұсқасын газеттің №7 (3641) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір