Х.Х.пАДРОН ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫ ХАҚЫНДА
01.02.2019
762
0

(Басы өткен сандарда)

Ақберен Елгезек (1980). Оның бұл кітапқа «Тамшы мен тас» атты өлеңі енді. Өлеңде түннің қараң­ғылы­ғына әдеттен тыс таң қалу бар. Бұл – жалғыздық сезімі. Көз жа­сы қор­қы­ныштан тыйылып, ке­нет бір қара нүктесі үлкейіп, еш­теңе көрінбей кеткен секілді. Осы қараңғылық түннің шынайы бояуы. Арғы жағында бір елесті сағыну бар.
Әнуарбек Бимағамбет (1980). Оның «Түнмен қоштасу» өлеңінде уақыт өмірге ультиматум қоятын көрінеді. Себебі оны жалған махаббаттың баянсыз тағдыры басқарады. Түн қараңғылығы түйсіну болмысымен астасады. Оны қамаудағы әрі мәнсіз дүниеге оратылып қалғандай сезім би­лейді, өйткені сүйікті әйелімен қоштаса алмады. Бұл өлең мені тебірентті. Мен оның шығарма­шы­лығымен аса таныс емес едім. Дегенмен, осы өлең арқылы Ә.Би­мағамбеттің жұмбақ әлемінің тартымдылығын сезінемін, оны мойындамау мүмкін емес. Ойлау жүйесі таңғаларлық және поэти­ка­лық тұтас дүниеге айналған. Өйткені, поэзияның ең жоғары және күрделі қасиеті, ме­ніңше, айта алмайтынды айту. Мен оның келесі кітабын тағатсыздана күтемін.
Бақытгүл Бабаш (1981). Ба­қыт­гүл Бабаштың өлеңінің компози­ция­сы жақсы әрі ширақ, шегелеп айтатын тұстары да бар, әртүрлі эмо­циялық деңгейлерді үйлестіре­ді. Ол махаббат сезімінде түстердің әр алуандығынан нақты және аш­ық бояуларды даралайды. «Есте жоқ: қашан, қай күні» атты өле­ңін­де жерасты суы ағып жатыр, сан алуан нысанда кездесетін ең басты сезім – қорқыныш. Қорқы­ныш болғанда да махаббатты жоғалтып алатын сөздерден қорқу. Ақы­рын­да тек жеңілісті конста­тация­сы, шешімі жоқ арпалыс пен қай­ша­лыққа ұласқан мұңды жал­ғыз­дық бар.
Жанар Әбсадық (1981). Осы ан­тологияға арнайы жолдаған, «Көлеңкеміз екеуміз» өлеңінде ақын көлеңкелер ойынын махаб­бат ойынымен салыстырады. Онда кейіпкерлер еш ережелерсіз көңіл көтереді. Денелер мұқтаж­дықтан бір-біріне тартылады. Та­би­ғат­та­рын­дағы қарама-қай­шы­лыққа қарамастан ажырамастай біріккен. Екеуі бірін-бірі үнсіз-ақ шақы­ра­ды, әр түн олардың кө­шір­месін жа­сап, парықсыз естен шы­ғара­тын ай­наға айналады. Мұнда бей­шара адамдар тағдыры сияқты мұңды сарын бар. Өмірді сұрқайы көзқараста түйсінуді қарапайым тілмен жеткізген…

(Толық нұсқасын газеттің №5 (3639) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір