Х.Х.ПАДРОН ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫ ХАҚЫНДА
25.01.2019
286
0

Жалғасы. Басы өткен сандарда

Әлібек Шегебайдың (1974) поэзиясы классикалық стильге негізделген. Бұл тамаша стилист, ол жанның арпалысы мен оның терең тыныштығы арасындағы симбиозды көрсетеді, өмірдің мәнін өзіне көмектесетін Құдайға сенуден іздейді. Өлім оның қай­таланатын тақырыбы болма­ғанмен, ол өте терең элегиялық ақын. Онда психологиялық өт­кір­лік пен шындықты жабыр­қаңқы сезіну бар. Біз оны ақынның осы жинаққа енген «Қыркүйектің салқыны» атты өлеңінен көреміз. Бұл айда оның әкесі қайтыс болған болатын, ол жанның қылын шертетін осы элегияны әкесіне арна­ған. Барлығы ай атының айна­ла­сын­да өрбитін сияқты:
«Қыркүйекте –
қайғы бар қабырғалы,
Қыркүйекте –
көңіл бар қалып қойған», –
деп сыр шертеді.
Оның мына бір қасиетін атап өту керек: эмоционалды климатты сипаттау, өлеңінде бір нәрсені ішінен нұрландырып, лаулатады. Оның стилі ойшаң және ең басты­сына баса көңіл аударады. Бәрі құлайтын сияқты болып көрін­ген­мен, құламайды, санасы өлімші болып жараланып, тыныштық тапқысы келетіндей. Бұл ем қон­байтын ыза, шынайылық, әлемнен бас тарту, жоқ болу, тыныштық. Оның азат рухы мен асау мінезі шы­ғармашылығында көрі­ніс таба­ды. Ақын тастан салмайды, себебі ол одан да нәзік бірдеңеге сенеді. Біздің жалғыз ұямыз – біздің қа­нат­тарымыз, дегенмен барлық қиындықтарға қарамастан, қазіргі заманғы поэзия адамды құтқара алмаса да қарсы тұруға, беріспеуге үйретеді. Әлібек Шеге­бай оны бі­ле­ді, сол себепті өлеңі­нің соңында өзінің поэзиясын қар­сы тұрудың жыры ретінде дәс­терлейді, өзінің «Менінің» шек­теулерін алып тастап, табандылық таныту үшін әлсіз адамға аға­йынды-інілі сезім білдіру үшін…

…..


(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Пікір