Жастары жалындап тұрған ұлттың оты сөнбейді
25.01.2019
265
1

23 қаңтарда Елордадағы «Нұр әлем» павильонында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен өткен іс-шарада еліміздің үздік жастары басқосты. Атап айтар болсақ, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері және жас әскери қызметкерлер. Жастар жылының бастамасына айналған бұл шарада түрлі салаларда жетістіктерге жеткен жас қазақстандықтар баяндама жасады. Жүзеге асырылған табысты жобалар мен жаңа өнімдердердің таныстырылымы өтті.

Жастар форумында сөз алған Мемле­кеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Семей филиалының төрағасы, ақын Мерей Қарт елімізде «Әдебиет академиясын» ашуды ұсынды.
Және бір сөз алған талантты жас – бүркіт­ші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы. Ол Ас­танада бүркітшілер мектебі ашылса деген арманын айтты. Елбасымызға Моңғо­лия­дағы қандастардың сәлемін жеткізді.
Талантты жастардың үніне құлақ түрген Елбасы өз сөзінде:
«Мен көріп отырған қазақстандықтардың жаңа буыны – Қазақстанның ең орасан жетістігі, Мемлекет басшысы ретіндегі менің жұмысымның нәтижесі. Сіздермен кездесіп отырғаным үшін өте бақыттымын. Мен Қазақстанда Жастар жылының басталуымен құттықтаймын», – деді.
«Біздің көз алдымызда жаңа жаһандық өркениет келе жатыр. Цифрлық қоғамның, экономика мен білімнің дәуірі келді. Менің буынымда мектеп оқып жүргенде, әсіресе ауылда теледидар да жоқ еді. Радио енді ғана шыға бастаған еді. 100 жыл тарих үшін тым қысқа уақыт. Қазір бәрінің 10 жылдың ішінде қалай өзгеріп жатқанын көре беріңіз. Сол үшін біздің мемлекет уақыт алға тартып отырған тегеуріндерге жауап бере алуы керек», – деді Мемлекет басшысы.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

ПІКІРЛЕР1
ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Пікір