«Alqa» жастары әдеби тур бастады
27.08.2024
334
0

Мәдениет және ақпарат министрлігі отандық әдебиет­ті дамытуға және жас авторларды қолдауға бағыт­талған бірқатар жобаларды жүзеге асыруды қолға алды. Соның аясында министрлік жанынан «Alqa» жастар клубы құрылған болатын. Енді клубтың бастамасымен жас ақын-жазушыларға арналған әдеби тур өту дәстүрге енбек. Ал жобаның алғашқы тұсаукесері Алматы облысынан бастау алды.

Алматы облысына арнайы ат басын бұрған «Alqa» жастар клубының мүшелері балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай, жазушының ауылы Қостөбеге барып, қаламгер оқыған тарихи мектеппен танысты.
Сонымен қатар мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған жері Қарасазға табан тіреп, ақынның өмірінен сыр шертетін Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейіне барды. Музейдің үш экспозициялық залында ақынның 1200-ден аса экспонаты, жұмыс үстелі мен қолданған зат­тары және қолжазбалары қойылған.
Сапар барысында, жас ақындар жыр оқып, әдеби кеш өт­ті. Іс-шара аясында қатысушылар Райымбек батыр ескерткішіне тағзым жасап, Көлсай, Шарын шатқалында болды.
Әдеби тур Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай, Жетісу облысында жалғасады. 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір