Қазіргі адамдар бөлектенуде
24.10.2015
1485
0
Лаврентий СОН,
кинорежиссер, драматург

936265_810531765_______Шынымды айтайын, мен бүгінгі жазушыларымыздың шығармаларымен аса таныс емеспін. Оған белгілі бір себептер бар… Ал әлемдік әдеби аренаға Мұхтар Әуезов пен Әбіш Кекілбаев секілді қаламгерлер шықты деп есептеймін.
Әдеби ағымдар мен үрдістерді сын­шылар мен әдебиеттанушылар кәсіби түрде айналысады. Зерттеу­ші­леріміз ағымдар турасында ғы­лы­ми еңбектер жазған да шығар, бі­рақ оларды көзім шалмады…
Әдеби үрдісті – адамзат пробле­масын қамтыған ірі шығармалар құрайды. Соңғы жылдары психоло­гиялық туындыларға деген сұраныс көп. Себебі, адамдар оқшауланып, бө­лектеніп, индивидуализм басым болып барады.
Жалпы, қазақ әдебиетінде үлкен бір өзгеріс болғалы тұрған сияқты. Өйткені, мен білетін жазушылардың ар­тынан жас жазушылар еруде… Біразы орысшаға аударылған-ды. Сол кезде оқығаным бар-тын.
Ағымдардың түрі өте көп. Сюр­реа­лизм, реализм, романтизм, аван­гардизм, кубизм, футуризм, нео­реализм, т.б. Ал қазақ прозасында қандай ағымдар басым екенін дәл бүгіндері дөп басып айту қиындау. Бұрнағы жылдары Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Ғабиден Мұстафин, Ғабит Мүсірепов секілді жазушылардың туындыларында реализм сарыны басым еді. Заман дамып, жаһанданудың мәдениетті жаулап жатқан дәуірде әдебиет те күрделене түседі.
Қазақ әдебиеті әлемдік әдеби аренаға шығуы үшін заман талабына сай жаңа көзқарастағы жаңа жазу­шылар, жаңа туындылар тууы керек. Елді елеңдетер шығармалар болса, бүгіндері естір едік. Ал ондайды құлағымыз шалмаған соң, ірі шығармалар, әлемдік әдеби аре­наға шығу туралы әңгімені кішкене шегере тұруға тура келеді.
Қалай болғанда да, әдебиет өл­мейді, дами бермек. Әдеби үрдісті үзіп алмас үшін жас буынды, жас тол­қынды тәрбиелеп, көп көңіл бөлуі­міз қажет. Сонда ғана ірі туындылар туады. Егер тек үлкендерді ғана дәріптей берсек, әдебиет онымен өсе қояды деп айту қиындау!..
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір