Рухани қазынаға бай қос кітап жарық көрді
14.12.2018
796
0

Бүгін Түркістанда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жарық көрген «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі жерлері», «Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар» атты қос кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Ауқымды шараны Түркістан облысы ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.

Кітаптың тұсаукесер шарасына зиялы қауым өкілдері, оқыр­ман­дар, ғалымдар мен жур­налистер және студенттер жиналды.
Мәдени шараны ашқан Түр­кістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасы аясында жарық көрген туындылардың маңыз­дылығына тоқталды.
«Елбасымыз «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдар­ла­малық мақаласын жүзеге асыру үшін тап­сырма берген болатын. Міне, осыған орай «Рухани жаң­ғыру» бағдарла­масы шеңберінде облысымызда 2 құнды кітап жа­рық көріп, тұсауы кесіл­гелі тұр. Бұл екі кітап оқырман үшін өте қа­жет дүниелер. Біз өз тарихымыз бен туған өлкеміздің сан ғасырдан бері келе жатқан шежіресін білу арқылы ұлттық болмысымызды, ұлттық кодымызды сақтай аламыз. Бұл кітаптар рухани жаңғыру үшін өте маңызды. Қысқасы, мұндай кітаптар оқырманға жетіп, рухани қазынадан әрбір азамат сусындауы тиіс. Алдағы уақытта «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы мен «Ұлы дала­ның жеті қыры» мақала­сын­дағы тап­сырмаларды орындау ба­ғытын­дағы жұмыстар жалғасын табады», – деді Жансейіт Қан­сейіт­ұлы.
Үш тілде шығарылып отырған «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі жер­ле­рі» атты кітап-фотоальбомда Түр­кістан облысының тарихи орын­­дары түгел көрсетілген. Мұн­да киелі орын­дар мен ескерткіштер туралы қазақ, ағылшын және орыс тілде­рінде мәлімет беріліп, сурет­термен көмкерілген.
Ал, «Оңтүстік қасиетті орын­да­ры: аңыз-әпсаналар» атты кіта­бында Түркістан облысындағы әулие-әмбиелер мен ел аузындағы тұлғалар ту­ралы аңыздар мен әңгі­мелер жазыл­ған. Бұл кітапта көне заман­дардан сыр шертетін әп­са­на­лар мен қызықты деректер мол.
Сонымен қатар, осы күні «2017 жыл: айшықты оқиғалар» атты кітап та оқырманға жол тартты. Бұл кітап­та өңірдегі өткен жылғы айрықша оқиғалар жазылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір