Елбасы мақаласынан бастау алған жиын
14.12.2018
774
0

Жуырда Түркістан қаласында Түркістан облысы әкімі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы аясында «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» және ТҮРКІСТАН» тақырыбында келелі жиын өтті.

Басқосуға облыстық басқар­малардың жауапты қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, ғалым­дар мен қоғамдық ұйымның өкіл­дері және журналистер қатысты.
Аталмыш іс-шараны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мә­лік Отарбаев ашып, жүргізіп отыр­ды. Кездесуде жазушы Мар­хабат Байғұт, Сарыағаш ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұстафа Сүлейменов, Жетісай ауданы қоғамдық кеңесінің төр­ағасы Тойым Жүнісов, Тарих ғы­лым­дарының докторы, археолог Бауыржан Әбішұлы, Қ.А.Иассауи атындағы ХҚТУ-ның түрколог ға­лымы Сейсенбай Құдасов, Ха­лық­аралық «Түркология» орталы­ғының ғылыми қызметкері Қазы­бек Тәжиев, тарих ғылымдарының докторы, археолог Мұхтар Қожа сөз сөйлеп, «Ұлы даланың жеті қыры» мен Түркістан» тақыры­бын­да жасалынып жатқан жұмыс­тар жайлы айтты.
Жиында Түркістан облысы­ның әкімі Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жөнінде баян­дама жасады. Облыс әкімі баян­дамадағы ойларын ортаға са­лып, жиынның маңыздылығына тоқталды.
«Ұлы даланың жеті қыры» ма­қаласында Елбасымыз Түркістанға арнайы тоқталып, ұлы шаhарды дамыту мәселесін айтты. Міне, осыған орай, «Ұлы даланың жеті қыры» және Түркістан» бағдар­ла­ма­лық мақаласында айқын көрсе­тілген тарихымыз бен жобаларды қолға алып, ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруда және Түркістан облысын дамытуға барлығымыз бірлік пен татулықты ту етіп еңбек етуіміз керек. Бірлік пен ынты­мақ­ты, татулық пен тұрақтылықты, сайып келгенде, Ұлы Дала елін мәң­гілік, Түркістанды түркі дү­ниесінің текті төрі, мәдени-рухани орталығы ету мақсатындағы бас­қосуымыздың атын – «Түркістан тұғыры – тектілік пен татулық» деп атауды ұсынамын», – деді облыс әкімі.
Одан соң өңір басшысы «Бола­шаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы ая­сында туған жерге сүбелі үлес қо­сып жүрген Сырым Ертаев, Талғат Ысқақов, Айыпхан Айымбетов, Бағлан Сүгірбаев сынды азамат­тарды «Жомарт жүрек» сыйлы­ғымен марапаттады.
Сонымен қатар, «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық фо­ру­мы­ның «Ұлы даланың жеті қыры» жә­не Түркістан» жиынына қаты­су­шылар аталған тақырыпты тал­қылай келіп, ҚАРАР қабылдады.
Рухани шараның соңы «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Оңтүстік­тің қасиетті орындары: аңыз-әп­са­налар», «Оңтүстік Қазақстан об­лысының тарихи орындары мен киелі жерлері» атты кітаптарының тұсаукесеріне ұласты.

Жадыра Қажиева,
Алатау ауданы,т 182 жалпы білім беретін мектеп, тарих пәнінің мұғалімі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір