Манас елінде алқалы жиын өтті
Бішкекте Қырғызстан Жазушылар одағының 90 жылдық мерейтойы өтті. Қарашаның соңғы күндерінде өткен алқалы жиынға Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының атынан ақын, басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов арнайы қатысып, төраға Мереке Құлкеновтің ресми құттықтау хаты мен бағалы сыйлығын табыстады.
Қырғызстан Жазушылар одағының 90 жылдық мерейтойына арналған жиынды Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы, Қырғыз Республикасы Президенті администрациясының жетекшісі А.Жапаров ашып, қатысушылар мен қонақтарды құттықтады.
Жиынға қатысушыларды құттықтау сөзінде Қырғыз Республикасы Мәдениет, спорт және жастар саясаты министрі А.Максутов, Қырғыз Республикасы Жазушылар одағының төрағасы К.Иманалиев, Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары К.Исаевалар «Әдебиеті ұлы ел түбі ұлы мемлекетке айналады» деген Қырғыз елі басшылығының ұстанымын жеткізіп, әдебиеттің өсіп, өркендеуіне қамқорлық көрсету жолын атап өтті.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы М.Құлкеновтің ресми құттықтау хаты мен бағалы сыйлығын табыстаған ақын, төраға орынбасары Қ.Бегманов өз сөзінде бауырлас екі ел арасындағы мәдени, әдеби байланыстардың өміршеңдігі мен бүгінгі достық қарым-қатынастың маңызына тоқталды.
Бауырлас елдер қаламгерлері бас қосқан айтулы жиында Түріксой Жазушылар одағының төрағасы, қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулет, қазақтың жиһангез ақыны Саят
Қамшыгер қатысып, сөз сөйледі.