«ӨЛЕҢМЕНЕН БІР ТУҒАН ӨЗГЕ ЖАНМЫН…»
30.11.2018
1704
0

Алматыдағы Ұлттық кітапханада ақын, көптеген танымал ән мәтіндерінің авторы Нұтфолла Шәкеновтің туғанына 90 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.

Іс-шараға қатысқан ақын, са­тирик Мыңбай Рәш, әдебиет­танушы-ғалым Темірхан Тебеген, жазушының жұбайы Нұрғиза Ша­кенова, Қазақстан Жазушы­лар одағы Басқарма төрағасы­ның орын­басары, ақын Бақыт Бедел­хан естеліктерін айтып, жылы лебіз­дерін білдірді. Ал, «Тұран» уни­вер­ситеті журна­листика фа­куль­тетінің сту­денттері көрерменге «Өлең­менен бір туған өзге жанмын» деп сыр ақтарған ақын өлеңдерін оқыды. Кеш аясында Н.Шәкенов­тің шығар­машы­лы­ғына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір