БАБА мен ҰРПАҚ КІТАБЫ ҚАТАР ЖАРЫҚ КӨРДІ
10.10.2018
866
0

Атақты Сыр сүлейі, Алты Алашқа Бала жырау атымен мәшһүр болған даңғайыр жырау, ақын әрі сазгер Тұрымбет Салқынбайұлының 150 жылдық мерейтойына орай әйгілі өнер иесінің шығармаларымен қатар замандастарының, тұрымбеттанушы ғалымдар мен қаламгерлердің, өнер иелерінің естеліктері, мақалалары топтастырылған «Жүйрігі едім халықтың» атты кітабы Алматыдағы «Арна» баспасынан жарық көрді. Жинақтың демеушісі – Қызылорда облыстық Шығармашылық үйі. Құрастырып, баспаға әзірлеген – жыраудың ұрпағы, ақын Ибрагим Бекмаханұлы. Ал «Мерей» баспасынан шыққан «Сырдария–Ұлытау» атты екінші кітап – Ибрагим ақынның торқалы тойға тартқан тартуы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір