«ТІЛЕГІМ ДЕ, ТІРЕГІМ ДЕ, ЖҮРЕГІМ ДЕ БІР ӨЗІҢСІҢ – ТУҒАН ЕЛ»
10.10.2018
1130
0

Қыркүйектің 28-і күні Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы-журналист, ғалым Уәлихан Қалижанның 70 жасқа толуына орай «Тілегім де, тірегім де, жүрегім де бір өзіңсің – туған ел» атты салтанатты ғылыми-шығармашылық кеш өтті.

Кеште Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың құттықтау хаты оқылды. Мерейтой ие­сіне облыс және қала әкімдері­нің де құттықтау хаттары ағылып жат­ты. Кешке қатысқан мемлекет жә­не қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері – Серік Қирабаев, Өмір­зақ Айтбаев сынды акаде­мик­тер мен Жазушылар одағының Бас­қарма төрағасы Ұлықбек Ес­дәу­лет, «Егемен Қазақстан» газеті­нің Бас редакторы Дархан Қы­дырәлі жылы лебіздерін білдіріп, ақ­жарма құттықтау тілектерін жеткізді. Кеш барысында белгілі ән­шілер мен кәсіби күйшілер Уәлихан Қалижанның күйлері мен өлеңдеріне жазылған әндерді орын­дады. Кеш соңында Уәлихан Қа­лижан осы уақытқа дейінгі шы­ғармашылықпен өрілген қызмет жолын «Өмірдің өрінде жүрдім, саясаттың төрінде жүрдім, қазақ­тың көзінде жүрдім» деп қорытын­ды­лап, жиналған қауымға риза­шы­лықпен алғысын айтты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір