Бір жолақты әлем… қан сасиды
02.10.2018
741
0

Енус Оғуз, жазушы. Әзірбайжан

Бірақ бұл «ойын» әлі жалғасу­да. Қазір әлем бір жолақты болса да, қанның иісі мүңкіп тұр және өлім үрейінің желі еседі. Әлемді билеуге құмартып жүрген күштер бар және сол күштер өз мақсатына жету үшін кез келген әрекетке баруда. Әлемді мұнша қауіпті қылып тұрған не? Мұның жауабы – геосаяси, геоэкон­о­ми­калық геостратегиялар. Экономика мен саясаттағы гегомонияны іске асыру үшін соңынан сансыз адам өлімін тудырған әскери-геостратегия көздері барынша жұмыс істеуде. Қазіргі таңда гегомонияға қол жеткізу үшін әлемде миллиард­­таған қаражат жұмсалуда. Дәл осы себеп­терге байланысты Йемен, Сирия, Ирак, Ливия, Тунис және сол секілді оншақты Африка елдері гума­нитарлық апатты бастан кешуде. Бұл елдерге күн сайын қауіп төнуде десек қателес­пей­міз. Және бұл қалыпты жағ­дайға айналды. Өлімнен құтыламыз деген жандар өздерінің туған ошағын тастап, босқын болды. Бірақ бұл жан­дардың көбіне аман қалу бақыты бұйырмады. Оның біраз бөлігі теңіздерге батуда, кейбіреулері жарылыс­тың астында қалып жатыр. Мұндай құрбандардың санында шек жоқ. Ең қорқыныштысы, бұл жандар – моральдық террордың да құрбандары. Олардың көзінше тұтас бір отбасылар көз жұмып, ешбір жазығы жоқ сәбилер өмірден өтуде. Моральдық террордың нәтижесінде адам­дар еркіндіктен айы­­рылып, еркін өмір сүру құқығы тапталуда. Әлемді билеуге құмартып тұрған күш – дәл осылар. Бұл гегемондар Исламды террорлық дін деп көрсетіп, жатыр, ал екінші жағынан әлемге террор қаупін төндіріп отыр. Соның салдарынан мұсылман және басқа да елдер экононо­ми­калық, моральдық және саяси жұтқа ұшырауда. Ислам – бейбітшілік діні!
Құрметті форум қонақтары!
Біздің аса талантты ақын және драматург Мусемн Жагит: «Егер кімде-кім төгіліп жатқан қанды тоқтата алса, сол адам әлемнің Ұлы құтқарушысы болады», – деп жазған еді. Әрине, әлемдегі қантөгісті тоқтату үшін мәдениет ара­сында үлкен диалогтар жүруі қажет. Дәл осы мәдени диалогтар қауіпті әлемнен бейбітшілік әлемге жетелейді. Соғыс тілін бейбітшілік тіліне айналдырады. Ол әлемді сақтауда басты және негізгі рөл ойнайды!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір