ӘЛЕМДІК БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Күні кеше ғана болондық балалар кітап жәрмеңкесінде әлемдік балалар әдебиеті саласындағы ең үлкен жүлде – Ханс Кристиан Андерсен атындағы сыйлықтың 2018 жылғы жеңімпаздары анықталды.
Олар: жазушылардың арасынан – жапондық жазушы Эйко Кадоно және иллюстраторлар бойынша – ресейлік Игорь Олейников. Дипломдар мен жүлделер қыркүйек айының ішінде Афинада өтетін балалар кітаптары бойынша Халықаралық кеңестің кезекті Конгресінде табыс етіледі. Қазылар алқасының пікірінше, Эйко Кодоно – қазіргі жапон әдебиетінің классигі. Ал И.Олейниковтің есімі кеңес заманынан белгілі «Салтан патша туралы аңыз», «Аққұтан-халиф», «Үшінші планетаның құпиясы», т.б. мультфильмдер арқылы жақсы таныс.