«Абай барысы-2024» республикалық турнирінің жеңімпаздары анықталды
19.04.2024
327
0

2024 жылдың 18 cәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ «Абай Әлемі» көктемгі мерекелік кезеңдері аясында қазақ күресінен жоғары оқу орындары студенттері арасында республикалық «Абай барысы-2024» турнирін ұйымдастырды.

Турнирге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықарлық қазақ-түрік университеті (Түркістан қаласы), Қорқыт ата Қызылорда атындағы мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент қаласы), Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты (Тараз қаласы), Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Тараз қаласы), І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықорған қаласы), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қаласы), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қаласы), Нархоз университеті (Алматы қаласы), Қазақстан-Британ техникалық университеті (Алматы қаласы), Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Алматы қаласы), Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (Алматы қаласы), Сулейман Демирел атындағы Университет (Алматы қаласы), Қазақ спорт және туризм академиясы (Алматы қаласы),  Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (Алматы қаласы), Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (Алматы қаласы) командалары қатысты.

Бүгінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту, спортпен шұғылданатын адамдар санын көбейту жұмыстары ширап келеді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында үнемі «Спортпен тұрақты түрде айналысу – ұлт денсаулығының ажырамас бөлігі» екенін нық атап, көрсетіп келеді. Бүгінгі өткен қазақ күресінен Республикалық турнирдің де  мақсаты осында. Ұлттық қазақ күресін жастар арасында дамыту және насихаттау. Студент жастарды салауатты өмір салтына баулу.

 

Қазақ күресінен жоғары оқу орындары студенттері арасындағы «Абай барысы-2024» республикалық турнирінің салтанатты ашылуына  Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Аппарат басшысы Жанатбек Ішпекбаев, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов, «Дене шынықтыру және спорт» кафдерасының оқытушысы Ерлан Темірханов, ҚР еңбек сіңірген жаттыктырушысы, 3 дүркін Азия және әлем чемпионы — Бауыржан Тәліп, Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азия және әлем чемпионы — Абзал Арыстанбеков, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі жоғары ұлттық төреші — Ерлан Иманғалиев, Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азия және әлем чемпионы Қазақстан Ұлттық құрама команда бас бапкері — Ғани  Келдіқұлов қатысты.

Кіл мықтының ішінен шын мықтыны анықтайтын турнирге жоғары ұлттық дәрежелі төрешілер: Сайдақов Еркін, Иралина Мира, Хамитов Жангелді, Белгібаев Ержан, Қаппаров Азиз, Күнесбай Төлеген, Иманғалиев Ерлан, Мағауинов Ернар, Арыстанбеков Абзал, Ибрагимов Болатбек төрелік етті.

Турнирдің нәтижесінде:

I орынды Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 3-курс студенті Ескендір Жандос алып (500 000 теңге), «Абай барысы-2024» атанды;

II орынды Нархоз университетінің студенті Жоспар Олжас алды (300 000 теңге);

III орындарды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Оразаев Серікхан мен Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Әбілмажинов Ғибрат иеленді (200 000 теңге).

Сайыс  қатысушылары мен жүлделі орын иегерлері Басқарма төрағасы–ректор Болат Тілептің арнайы дипломдары және сыйақыларымен марапатталды.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір