Кемел Тоқаев атындағы VIII республикалық детектив шығармалар байқауының жеңімпаздары анықталды

2018 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Кемел Тоқаев атындағы VIII республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы биыл Тараз қаласында өтті.
Салтанатты шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, еліміздің белгілі қаламгерлері, құқық қорғау саласының ардагерлері, журналистер мен қала тұрғындары қатысты.
Байқауға 70-тен астам туынды келіп түскен. Соның ішінде 14 шығарма іріктеліп, шешуші кезеңде бақ сынады. Қорытынды рәсім барысында жеңімпаздарға Жамбыл облыстық сотының арнайы жүлделері мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Әдебиетке қызығушылығы мен шығармашылық таланты арқылы танылған авторлардың еңбегі жоғары бағаланып, үздік деп танылғандар марапат төрінен көрінді:
Бас жүлде – Гүлден Жілкелдиева;
І орын – Айзада Кенжемолдаева;
ІІ орын – Алдажар Әбілов;
ІІ орын – Болай Бердиева;
ІІІ орын – Мирас Мұқаш;
ІІІ орын – Шернияз Жалғасбекұлы;
ІІІ орын – Бақыт Жәлиева.
Айта кетейік, жобаның мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, детектив жанрын дамыту, әдебиет арқылы әділдік пен адамгершілік қағидаттарын насихаттау.