«Бір қайыры бар дүние»
06.08.2018
1326
0

Ұлттық кітапханада Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің дипломаты, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, халықаралық Жамбыл сыйлығының иегері Мәлік Отарбаевтың «Бір қайыры бар дүние» атты эсселер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.


Шараны жүргізген ақын Дәу­лет­бек Байтұрсынұлы жазушы-ау­дармашының осыған дейін Сүйін­бай Аронұлы, Шерхан Мұртаза, Нұр­лан Оразалин, Рақымжан Отар­баев, Темірхан Медетбек, Ра­фаэль Ниязбек, Есенқұл Жақып­бек­тің кітаптарын түрік тіліне ау­дарып, Юнус Эмре, Решат Нұри Гүн­текин, Халдун Танер сынды тү­рік ақын-жазушыларын қазақ ті­лінде сөйлеткенін атап өтті. 25 қа­зақ қаламгерінің әңгімесі мен О.Сүлейменовтің түркі тілдерін­де­гі өлеңдер жинағын құрастырып, бауырлас елдер назарына ұсынға­нын да еске салды.
Жиналғандар Мәлік Отарбаев­тың шығармашылық қыры мен аудармашылық еңбегін және дра­матургиялық ізденістерін айта ке­ле, жаңа кітаптың көтерген жүгі мен көздеген мақсаты оқырман қауым­ның көңілінен шығарына се­нім білдірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір