«Дүние – бекет, адам – керуен»
27.11.2023
221
0

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Жанар Әбдішованың мемлекеттік тапсырыс бойынша «Дәуір» баспасынан «Дүние – бекет, адам – керуен» атты хикаяттар мен әңгімелер жинағы жарық көрді.
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасымен шыққан жазушының бұл кітабында әр жылдары дүниеге келген шығармалары жарық көрген.
Жанар Әбдішова – заманауи оқиғаларды баяндаған қызықты шығармаларымен мерзімдік басылымдарда жиі жарияланатын, оқырмандар жылы қабылдаған, танымал жазушы.
«Дүние – бекет, адам – керуен» атты кітабының тақырыбы әралуан, замандастарымыздың басынан өткен жай-күйлері, тығырықтан шығар жол іздеген сәттері шынайы, нанымды бейнеленген. Автордың негізгі кейіпкерлері – әйелдер. Көлемі жағынан қысқа жазылған әңгімелерінің қай-қайсысы да жүрекке жол тауып, оқырманын еліктіріп, оқиғаға араластырып, тартымды оқылады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір