Жапон газетінде Жамбыл Жабаев туралы мақала шықты
30.07.2018
2596
0

Токиодағы жетпіс жылдық тарихы бар «Жапония және Еуразия» газетінің жаңа санына жапонтанушы Шарафат Жылқыбаеваның «Жамбыл Жабаев — қазақтың эпик ақыны» деген мақаласы жарияланды. Мақалада қазақтың атын әлемге мәшһүр қылған жырау творчествосының сан қилы аспектілері сөз болған. Жамбылдың ақындық өмір деректерімен өрілген материалда айтыс өнерінің ерекшеліктері де жапон оқырмандарына таныстырылған.


Жапон газетіндегі мақалада жы­рау­дың туған жері Жамбыл, Жетісу өңірі ақындық өнердің ерекше дамыған өлкесі екен­дігі айтылған. Мақала авторы Жам­был алғаш рет он үш жасында ұлы жырау Сүйінбай Аронұлынан бата алған соң ақын­дық жолда биік белестерді бағын­ды­рып, айтыстар­да жеңіске жеткендігін жа­зады. Жыраудың мыңдаған жолдық жыр-дастандарды мүдірместен жат­қа айт­қан ерекше есте сақтау қа­білетіне тоқ­талып, Жамбыл ту­ралы құнды деректерді де кел­тір­ген. Жапон оқырмандары ма­қа­ла арқылы Жамбылға шетел жазу­шы­ла­рының ерекше құрметпен қара­ған­­­ды­ғын тани отырып, ақын өмі­рінен қызықты де­ректерге қаныға алады.
Мақалада, сондай-ақ, Алматы об­лы­сы, Жамбыл ауданы, Жамбыл атын­дағы ауыл­да орналасқан ақын мұражайы да ег­жей-тегжейлі таныс­тырылады. Автор Жа­пония­дан келген қонақтарды әр­дайым осы ауылға апаратынын айта келе «дү­ниежүзінде қаншама аймақты ара­ласақ та бұндай көркем ауылды бұрын-соңды еш жерден көрмеппіз» деген жапон мей­мандардың сөздерін келтірген.
Шарафат Жылқыбаева — Жапония уни­верситеттері ұйымдастырған ғылы­ми-конференцияларда ежелгі қазақ фо­льк­лоры мен Күншығыс халқының байыр­ғы классикалық әдебиеті ара­сын­дағы байланыс туралы баяндамалар жа­сап жүрген ғалым. Мәселен, жапон­танушы 2013 жылы Цукуба университеті өт­кізген ғылыми конференцияда «Жа­по­ния­ның ежелгі классикалық әдебиеті мен Орта Азия (қазақ) жыр-дастан­да­рының ерекшеліктері» деген тақырыпта зерттеу жұмысын жариялады. 2017 жылы «Тошиба» қорының ғылыми жиынында Орта Азия халықтарының фольклорын­дағы тотем ұғымы және ежелгі жапон әде­биетіндегі символдық байланыстар жайында баяндама жасап, жапон ғалым­дары алдында Сүйінбай Аронұлы­ның «Бөрілі менің байрағым» деген өлеңіне талдау жасаған болатын.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір