ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ АВИНЬОН САХНАСЫНДА
20.07.2018
1039
0

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Францияның Авиньон қаласында өтетін «Festival d’Avignon» Халықаралық театр фестиваліне қатысты. 11-18 шілде аралығында өткен шараға қазақ театры Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қолға алынған «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша барды.

Қазақстандық шығар­ма­шы­лық ұжым 17 шілдеге дейін 4 спек­такль қойды. Жазушы-дра­матург Иран-Ғайыптың «Қор­қыт­тың көрі» қойылымында 13 театр әртісі өнер көрсетті.
«Қорқыттың көрі» Қорқыт ба­бамыздың запырандай ащы аңыз өміріне арнап қойылған сах­налық түйсіктің бейне тұжы­рымы. Ол өркениеттің, мәде­ниет­­тің, өнердің, күйдің қа­сиет­ті де киелі рухани ұғымның жа­наза-реквиемі.
Қорқыт түркі халықтарына ор­тақ ұлы ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік ор­ны бар философ-гуманист. Ол бүкіл Шығыс өркениеті ір­ге­тасын қалаушылардың ішін­дегі ең айтулысы, күллі Азия мә­де­ниетінің Ұлы қайнар бас­тау көзі. Алты Алаш өнерінің аңыз Арысы.
Қойылым оқиғасы Расул (Мұ­хаммед) Пайғамбар зама­ны­на жақын тұста, VII-VIII ға­сыр­да Баят Сырдария өзені бойын­да өтеді. Дүние кезектігі, дін­дердің астасуы баяндалады.
Қойылымның қоюшы-ре­жиссері Литваның және КСРО Мем­лекеттік сыйлығының ие­гері, танымал режиссер Йонас Вайткус.
Авиньон фестивалінің тари­хы 1947 жылы танымал француз ак­тері және режиссері Жан Ви­лар ұйымдастырған «драмалық өнер апталығынан» басталған. Апталық үлкен жетістікке ие бол­ғаннан соң, келесі жылдан бас­тап театр фестивалі өткізіле бас­тады. 1990 жылдардың ор­та­сына дейін оған тек француз топ­тары ғана қатысқан.
Биыл қазақ топырағының өнер­паздары франциялық кө­рер­менге ұлы дала елінің өнерін көрсету мүмкіндігіне ие болып, түр­кілік мәдениеттің бай мұра­сын көрсетті.

Аяулы ҚУАНЫШ,
ХАТУ «Электрондық журналистика» бөлімі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір