Катар сахнасында «Адай» күйі шырқалды
28.02.2023
348
0

Зияткерлер БҰҰ моделінің халықаралық конференциясына қатысты

Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы NIS делегациясы ГППР оқытушылары Дулат Мырзахмет пен Әйгерім Мұратқызының жетекшілігімен БҰҰ моделінің Катарда өткен ең ірі халықаралық конференциясына қатысты.

Дүние жүзінің түкпір-түкпірінен жиналған жас дипломаттар үш күн ішінде әлемдегі өзекті мәселелерді шешуге қатысты өз көзқарастарын ұсынды.

– БҰҰ үлгісіне жыл сайын бүкіл әлем бойынша жүздеген жоғары сынып оқушылары мен студенттер қатысады.  Қазіргі құқық, үкімет, бизнес және өнер саласындағы көшбасшылардың көпшілігі, соның ішінде БҰҰ-ның өзінде танылған мамандар оқу жылдарында осы MUN бағдарламасына қатысқан.   Зияткерлерде үздік өнер көрсете білді. Әлемде болып жатқан көптеген оқиғаларға әр қырынан қарады, дайындаған зерттеулерін ұсынды,– деді Әйгерім Мұратқызы.

Мәдениет кешінде сахнада 11-ші сынып оқушысы, мектеп президенті Жания Қасен домбырада «Адай» күйін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді:

– Бұл кеште әр елден келген делегаттар өз дәстүрлерін,ұлттық өнерлерін көрсетті. Жалпы конференцияда аз уақытта біз бір үлкен отбасы болып кеттік. Үзілістерде танысып, ән айтып, көңілді уақыт өткізсек, сессияларда әр комитетте қызу  талқылау, бәсекелестік болды. Делегаттар өте жақсы дайындықпен келген. Біз де зерттеген және ұсынылған тақырыптарды талқылап, ойымызды ортаға салдық, жақсы жұмыс жасадық деп ойлаймын.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір